Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 91-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі N 278-ө Өкімі

      "Қазақстан Республикасының салық, кеден және бюджет заңнамасын және әкімшілігін жүргізуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөнінде жұмыс топтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 91-ө  өкіміне  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 2-тармақта»"20 сәуірге" деген сөздер»"30 желтоқсанға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 3-тармақта»"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге" деген сөздер»"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) көрсетілген өкімге 1-қосымшада:
      салық жеңілдіктері мен преференцияларын оңтайландыру бөлігінде салық және кеден заңнамасын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:

Сұлтанов              - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы       бюджеттік жоспарлау министрі, жетекші

Мамытбеков            - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Асылжан Сарыбайұлы      Кеңсесі Басшысының орынбасары, жетекшінің
                        орынбасары

Кнюх                 -  Қазақстан Республикасы Экономика және
Вера Адриановна         бюджеттік жоспарлау министрлігі Салық
                        саясаты және болжамдар департаментінің
                        директоры, хатшы

Тәжияков              - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Бисенғали Шамғалиұлы    Төрағасының орынбасары

Тәменова              - Қазақстан Республикасы Президентінің
Жанна Сәрсенбайқызы     жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің
                        салық салу мәселелері жөніндегі жұмыс
                        тобының тең төрағасы;

мына:
"Рахметов             - Қазақстан Республикасы Қаржы
Нұрлан Құсайынұлы       министрлігі Салық комитетінің төрағасы,
                        жетекшінің орынбасары"
      деген жолда»", жетекшінің орынбасары" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетілген жұмыс тобының құрамынан Сапарбаев Бердібек Машбекұлы, Доможирская Ирина Николаевна, Айманбетова Гүлбану Зарлыққызы шығарылсын;
      4) көрсетілген өкімге 3-қосымшадағы 4-тармақ алынып тасталсын.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады