Темір жол саласындаы тарифтік және инвестициялық саясатты жетілдіру мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 3 қазандағы N 286-ө Өкімі

      Темір жол саласындағы тарифтік және инвестициялық саясатты жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Сұлтанов              - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы       бюджеттік жоспарлау министрі, жетекші

Сағынтаев             - Қазақстан Республикасы Табиғи
Бақытжан Әбдірұлы       монополияларды реттеу агенттігінің
                        төрағасы, жетекшінің орынбасары

Хабибуллина           - Қазақстан Республикасы Экономика және
Эльмира Зейнетоллақызы  бюджеттік жоспарлау министрлігінің
                        Экономика секторларын дамыту департаменті
                        тарифтік саясат бөлімінің бастығы, хатшы

Қасымбек              - Қазақстан Республикасының Көлік және
Жеңіс Махмұдұлы         коммуникация вице-министрі

Бишімбаев             - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Қуандық Уәлиханұлы      сауда вице-министрі

Алдабергенов          - Қазақстан Республикасы Табиғи
Нұрлан Шәдібекұлы       монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
                        орынбасары
 
Өтепов                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Эдуард Карлович         Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
                        комитетінің төрағасы

Оразбеков             - Қазақстан Республикасы Көлік және
Марат Жаңабергенұлы     коммуникация министрлігі Қатынас жолдары
                        комитетінің төрағасы

Мәтішев               - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
Әлиакпар Болатұлы       министрлігі Бәсекелестікті қорғау
                        комитетінің төрағасы

Шаққалиев             - Қазақстан Республикасы Экономика және
Арман Абайұлы           бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттік
                        активтерді басқару саясаты департаментінің
                        директоры

Жексембаев            - Қазақстан Республикасы Экономика және
Қуандық Аманжолұлы      бюджеттік жоспарлау министрлігінің
                        Экономика секторларын дамыту департаменті
                        директорының орынбасары

Бозымбаев             - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
Қанат Алдабергенұлы     жөніндегі қазақстандық холдингі"
                        акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                        (келісім бойынша)

Байдәулетов           - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
Нұржан Тәліпұлы         жөніндегі қазақстандық холдингі"
                        акционерлік қоғамының көліктік активтерді
                        басқару жөніндегі директоры (келісім
                        бойынша)

Құлекеев              - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы"
Жақсыбек Әбдірахметұлы  акционерлік қоғамының президенті (келісім
                        бойынша)

Табанов               - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы"
Эльдар Рашидұлы         акционерлік қоғамының Магистральдық темір
                        жол желісі дирекциясы директорының
                        орынбасары (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2007 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде темір жол саласындағы тарифтік және инвестициялық саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Жұмыс тобына қойылған міндетті орындау үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің сарапшы-мамандарын тарту құқығы берілсін.
      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б.Т. Сұлтановқа жүктелсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады