"Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 4 қазандағы N 288-ө Өкімі

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Сұлтанов                  - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы           және бюджеттік жоспарлау министрі,
                            жетекші

Қасымбек                  - Қазақстан Республикасының Көлік
Жеңіс Махмұдұлы             және коммуникация вице-министрі,
                            жетекшінің орынбасары

Шаққалиев                 - Қазақстан Республикасы Экономика
Арман Абайұлы               және бюджеттік жоспарлау министрлігі
                            Мемлекеттік активтерді басқару саясаты
                            департаментінің директоры, хатшы

Құсдәулетов               - Қазақстан Республикасының
Дулат Рашитұлы              Әділет вице-министрі

Ақшолақов                 - Қазақстан Республикасының Энергетика
Болат Оралұлы               және минералдық ресурстар вице-министрі
 
Баталов                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы              және сауда вице-министрі

Ерғожин                   - Қазақстан Республикасының Қаржы 
Дәулет Еділұлы              вице-министрі 

Мұқанов                   - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік
Мақсат Нұрдәулетұлы         қоғамының корпоративтік хатшысы
                            (келісім бойынша)

Өтепбаев                  - "Атамекен" Одағы" Қазақстанның ұлттық
Болат Орынбекұлы            экономикалық палатасы басқарма
                            төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2007 жылғы 2 қарашаға дейінгі мерзімде "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е.Шөкеевке жүктелсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады