"Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 6 қазандағы N 291-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі  Заңын  іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

      3. Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиісті бірлескен нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008.04.15  N 89-ө  Өкімімен.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2007 жылғы»6 қазандағы
N 291-ө өкімімен 
бекітілген   

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің 2008.04.15  N 89-ө  Өкімімен.

  "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы"
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі

Р/с
N

Нормативтік
құқықтық актінің атауы

Акт нысаны

Орындауға
жауапты
мемлекеттік
орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Химиялық өнімді
тіркеу және есепке
алу ережесін бекіту
туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ИСМ
(жинақтау),
ІІМ, ДСМ,
ТЖМ,
Қоршағанор-
тамині, АШМ,
ЭМРМ, Еңбек-
мині, ККМ

2007
жылғы
желтоқ-
сан

2.

Химиялық өнімдердің
жекелеген түрлерін
тіркеу және есепке
алу ережесін бекіту
туралы

Бірлескен
бұйрық

ИСМ, ІІМ,
ДСМ, ТЖМ,
Қоршағанорта-
мині, АШМ,
ЭМРМ, Еңбек-
мині, ККМ

2008
жылғы
сәуір

3.

Химиялық өнімді
өндіру және қолдану
кезінде қауіпсіздік
шараларын қамтамасыз
ету жөніндегі
нормаларды бекіту
туралы

Бірлескен
бұйрық

ИСМ, ІІМ,
ДСМ, ТЖМ, Қоршағанорта-
мині, АШМ,
ЭМРМ, Еңбек-
мині, ККМ

2008
жылғы
сәуір

4.

Химиялық өнімді алдын
ала таңбалау кезінде
көрсетілетін қауіптің
стандартты нышандары-
ның тізбесін бекіту
туралы

Бұйрық

ИСМ

2007
жылғы
желтоқ-
сан

5.

Көліктің алуан
түрінде химиялық
өнімді тасымалдауға
арналған орамаларды
қолдануға қойылатын
талаптарды бекіту
туралы

Бірлескен
бұйрық

ИСМ, ІІМ,
ДСМ, ТЖМ,
Қоршағанорта-
мині, АШМ,
ЭМРМ, Еңбек-
мині, ККМ

2008
жылғы
сәуір

      Ескертпе :
ИСМ              - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                   министрлігі;
ІІМ              - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
ДСМ              - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                   министрлігі;
ТЖМ              - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                   министрлігі;
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
                   министрлігі;
АШМ              - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                   министрлігі;
ЭМРМ             - Қазақстан Республикасы Энергетика және
                   минералдық ресурстар министрлігі;
Еңбекмині        - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                   әлеуметтік қорғау министрлігі;
ККМ              - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
                   министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады