Алкоголь өнімі нарығында мемлекеттік монополия енгізу мәселесі бойынша жұмыс тобын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 296-ө Өкімі

      Алкоголь өнімі нарығында мемлекеттік монополия енгізу мәселесі бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Жәмішев                  - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы          министрі, жетекші

Рахметов                 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Нұрлан Құсайынұлы          Салық комитетінің төрағасы, жетекшінің
                           орынбасары

Ахметтаева               - Қазақстан Республикасы Қаржы
Гүлмира Нұрланқызы         министрлігінің Салық комитеті алкоголь
                           өнімдерінен алынатын акциздерді
                           әкімшілендіру бөлімінің бастығы, хатшы

Күрішбаев                - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы         шаруашылығы вице-министрі

Шпекбаев                 - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Алик Жатқамбайұлы          вице-министрі

Нүсіпова                 - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Әсем Бекқызы               сақтау вице-министрі

Айтжанова                - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Жанар Сейдахметқызы        сауда вице-министрі

Бекетаев                 - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы          вице-министрі

Смағұлов                 - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Болат Советұлы

Әбдібеков                - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары
Нұрмұхамбет Қанапияұлы

Бекетаев                 - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Руслан Бахытжанұлы         қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
                           күрес агенттігінің (қаржы полициясы)
                           Экономикалық қылмыстарды ашу
                           департаменті бастығының орынбасары
                           (келісім бойынша)

Чиркалин                 - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Иван Федорович             Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің
                           хатшысы (келісім бойынша)

Акаев                    - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Магомед Магомедзапирович   Мемлекеттік органдар қызметінің
                           заңдылығын қадағалау департаментінің
                           басқарма бастығы (келісім бойынша)

Пердебаева               - Қазақстан Республикасы Экономика және
Раушан Сарыбекқызы         бюджеттік жоспарлау министрлігі
                           Экономика секторларын дамыту
                           департаментінің басқарма бастығы

Қалиев                   - "ҚазАлко" Қазақстанның алкоголь өнімін
Әміржан Қашқарбайұлы       адал өндірушілер мен сатушылары
                           қауымдастығының вице-президенті (келісім
                           бойынша)

Макалкин                 - Қазақстанның сыра қайнатушылар одағы
Валентин Иванович          Үйлестіру кеңесінің төрағасы (келісім
                           бойынша)

Иванов                   - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық
Виктор Михайлович          экономикалық палатасы" заңды тұлғалар
                           бірлестігі төрағасының орынбасары
                           (келісім бойынша)

       Ескерту. Жұмыс тобының құрамына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007.12.28.  N 394-ө  Өкімімен.

      2. Жұмыс тобы 2008 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне алкоголь өнімі нарығында мемлекеттік монополия енгізу жөнінде ұсыныстар енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Б. Жәмішевке жүктелсін.
       Ескерту. Жұмыс тобының құрамына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007.12.28.  N 394-ө  Өкімімен.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады