Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталдарына берілетін акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесін айқындау жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 22 қазандағы N 310-ө Өкімі

      Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталдарына берілетін акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесін айқындау мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Шөкеев                       - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмірзақ Естайұлы               Министрінің орынбасары, жетекші

Баталов                      - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы                 және сауда вице-министрі, жетекшінің
                               орынбасары

Керімбеков                   - Қазақстан Республикасы Индустрия
Әрсен Жақашұлы                 және сауда министрлігі Кәсіпкерлікті
                               дамыту департаментінің директоры,
                               хатшы

Бекетаев                     - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы              вице-министрі

Қүсайынов                    - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы               және бюджеттік жоспарлау вице-
                               министрі

Өтепов                       - Қазақстан Республикасы Қаржы
Эдуард Карлұлы                 министрлігі Мемлекеттік мүлік және
                               жекешелендіру комитетінің төрағасы

      2. Жұмыс тобы екі апта мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталдарына берілетін акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізсін.
      3. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады