Қазақстан-өзбекстан мемлекеттік шекарасындағы өткізу қабілетін жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Ресупбликасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 325-ө Өкімі

      Қазақстан-өзбекстан мемлекеттік шекарасындағы өткізу қабілетін жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Жұмыс тобы мынадай құрамда құрылсын:

Құсайынов                  - Қазақстан Республикасы Көлік
Әбілғазы Қалиақпарұлы        және коммуникация министрлігінің
                             жауапты хатшысы, жетекші

Өмірбаев                   - Қазақстан Республикасы Көлік
Нұрланбек Балықбайұлы        және коммуникация министрлігінің
                             Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті
                             төрағасының орынбасары, жетекшінің
                             орынбасары

Әбдіқадыр                  - Қазақстан Республикасы Көлік және
Асылжан Елтайұлы             коммуникация министрлігі Көлік
                             инфрақұрылымын дамыту комитеті
                             техникалық саясат бөлімінің бастығы,
                             хатшы

Есжанов                    - Қазақстан Республикасы Көлік
Қанат Бөлебайұлы             және коммуникация министрлігінің
                             Көліктік бақылау комитеті
                             төрағасының орынбасары

Әбішев                     - Оңтүстік Қазақстан облысы
Ислам Әлмаханұлы             әкімінің бірінші орынбасары

Төлемісов                  - Қазақстан Республикасы Қаржы
Дәурен Қайыпұлы              министрлігінің Кедендік бақылау
                             комитеті кедендік бақылауды
                             ұйымдастыру басқармасының бастығы

Боранғазиев                - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Өтежан Камалұлы              қауіпсіздік комитеті Шекара
                             қызметінің Шекаралық бақылау бас
                             басқармасы бастығының орынбасары,
                             полковник (келісім бойынша)

Аябов                       - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Руслан Аманғалиұлы            істер министрлігінің Азия және
                              Африка департаменті Орталық
                              Азия бөлімінің бастығы

Исабаева                    - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Гүлжәми Нұрманқызы            сақтау министрлігінің Мемлекеттік
                              санитарлық-эпидемиологиялық
                              қадағалау комитеті
                              санитарлық-гигиеналық қадағалау
                              бөлімінің жетекші маманы.

      2. Жұмыс тобы 2007 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде қазақстан-өзбекстан мемлекеттік шекарасындағы өткізу қабілетін жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады