2009-2011 жылдарға арналған "Алматы - өңірлік қаржы орталығы" орта мерзімді салалық бағдарламасының жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстарды пысықтау жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 359-ө Өкімі

      1. 2009-2011 жылдарға арналған»"Алматы - өңірлік қаржы орталығы" орта мерзімді салалық бағдарламасының жобасын (бұдан әрі - бағдарлама жобасы) әзірлеу бойынша ұсыныстарды пысықтау мақсатында мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Жәмішев                  - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі,
Болат Бидахметұлы          жетекші

Арыстанов                - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
Әркен Кеңесбекұлы          өңірлік қаржы орталығының қызметін
                           реттеу агенттігінің төрағасы, жетекшінің
                           орынбасары (келісім бойынша)

Құсайынов                - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
Айғазы Әмірланұлы          өңірлік қаржы орталығының қызметін
                           реттеу агенттігі Даму департаментінің
                           бас маманы, хатшы

Құсайынов                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы           бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Өзбеков                  - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы
Ғани Нұрмаханбетұлы        мен қаржы ұйымдарын реттеу және
                           қадағалау агенттігі төрағасының
                           орынбасары (келісім бойынша)

Сартбаев                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Медет Мақсұтұлы            Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Ерғожин                  - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Еділұлы             вице-министрі

Ескендіров               -»"Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік
Абай Мұқашұлы              қоғамының басқарушы директоры (келісім
                           бойынша)

Мұқашев                  - Алматы қаласы әкімінің бірінші
Мәулен Шапанбайұлы         орынбасары

Қамаров                  -»"Активтерді басқару қауымдастығы" заңды
Талғат Қайырбекұлы         тұлғалар бірлестігі кеңесінің төрағасы
                           (келісім бойынша).

      2. Жұмыс тобы 2008 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде бағдарлама жобасын әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады