Каспий теңізі мен Азов-Қара теңіз бассейні су көлігі құрамасының нұсқаларына салыстырмалы талдау жургізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы N 363-ө Өкімі

      1. Каспий теңізі мен Азов-Қара теңіз бассейні су көлігі құрамасының нұсқаларына салыстырмалы талдау жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Қасымбек               - Қазақстан Республикасының Көлік
Жеңіс Махмұдұлы          және коммуникация вице-министрі, жетекші

Уандықов               - Қазақстан Республикасы Көлік
Берік Құсманұлы          және коммуникация министрлігі Су көлігі
                         департаментінің директоры, жетекшінің
                         орынбасары

Тілепов                - Қазақстан Республикасы Көлік
Қасым Нағашыбайұлы       және коммуникация министрлігінің Су
                         көлігі департаменті ішкі су жолдары және
                         кеме қатынасы басқармасының бастығы, хатшы

Могильный              - Қазақстан Республикасы Білім және
Валерий Валентинович     ғылым министрлігінің Ғылым комитеті
                         төрағасының орынбасары

Тәутеев                - Қазақстан Республикасы Қоршаған
Әуесбек Зыпашұлы         ортаны қорғау министрлігі Рұқсат беру және
                         ынталандыру тетіктерін реттеу
                         департаментінің директоры

Сәрсенбаева            - Қазақстан Республикасы Ауыл
Гулшәкира Байқонысқызы   шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары
                         комитеті су ресурстарын пайдалануды реттеу
                         және қорғау басқармасының бастығы

Шалбаев                - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Айдар Есламбекұлы        министрлігінің ТМД істері департаменті
                         Ресеймен ынтымақтастық басқармасының
                         бастығы

Сулейменов             - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Дастан Нұрланұлы         министрлігі Халықаралық-құқықтық
                         департаментінің мемлекеттік шекара және
                         халықаралық-құқықтық проблемалар
                         басқармасы халықаралық-құқықтық
                         проблемалар бөлімінің бастығы

Шағыров                - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Айтжан Бағытұлы          министрлігінің төтенше жағдайларды және
                         өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік
                         бақылау басқармасы мұнай өңдеу өнеркәсібін,
                         геологияны және теңіздердегі мұнай
                         операцияларын бақылау бөлімінің бастығы

Кисиков                - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Мұхамет Қалешұлы         министрлігінің төтенше жағдайларды және
                         өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік
                         бақылау басқармасы мұнай өңдеу өнеркәсібін,
                         геологияны және теңіздердегі мұнай
                         операцияларын бақылау бөлімінің бас маманы

Милыбаева              - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Рабиға Төлеуқызы         министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
                         эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
                         санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және
                         санитарлық-эпидемиологиялық нормалау
                         басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық
                         бақылау бөлімінің бас маманы

Құлбатыров             - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Ерболат Қуандықұлы       минералдық ресурстар министрлігінің Мұнай
                         өнеркәсібі департаменті мұнай тасымалдау
                         жобаларының мониторингі және мұнай
                         айналымын реттеу бөлімінің бас маманы

Жұмағалиев             - Атырау облысының Мемлекеттік
Амантай Төлегенұлы       санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
                         департаменті директорының орынбасары

Нұрғожин               - "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық
Марат Рахмалиұлы          холдингі" акционерлік қоғамы басқарма
                          төрағасының орынбасары, техника
                          ғылымдарының докторы, профессор (келісім
                          бойынша)

Плеханов               -  "Жер туралы ғылымдар, металлургия
Петр Андреевич            және кен байыту орталығы" акционерлік
                          қоғамының вице-президенті, география
                          ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)

Сәтпаев                -  "Жер туралы ғылымдар, металлургия және
Әлішер Ғалымтайұлы        кен байыту орталығы" акционерлік
                          Қоғамының Гидрогеология және гидрофизика
                          институтының директоры, геология-
                          минералогия ғылымдарының кандидаты
                          (келісім бойынша)

Нысанғалиев            -  "Қазақ мұнай және газ институты"
Аманғали Нысанғалиұлы     акционерлік қоғамы бас директорының
                          орынбасары, техника ғылымдарының докторы,
                          профессор (келісім бойынша)

Недюжин                -  "Ақпан" жауапкершілігі шектеулі
Виктор Васильевич         серіктестігінің бас гидрогеологы (келісім
                          бойынша)

Дауымов                -  "Жайықгидрогеология" ашық акционерлік
Бейсен Ғайнышұлы          қоғамының президенті (келісім бойынша)

Петренко               - Шығыс Қазақстан республикалық
Галина Павловна          мемлекеттік қазыналық су жолдары
                         кәсіпорнының директоры

      2. Жұмыс тобы 2008 жылғы 1 наурызға дейін Каспий теңізі мен Азов-Қара теңіз бассейні су көлігі құрамасының нұсқаларына салыстырмалы талдау жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне жүктелсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады