Орналасқан жері анықталмаған бұрынғы қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомаларын өтеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Құрманов - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Алмас Мұхаметкәрімұлы халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрі, жетекші
Тоқсейітова - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Гүлнәр Мүслімқызы халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Зейнетақы және
әлеуметтік қамсыздандыру
департаментінің директоры,
жетекшінің орынбасары
Оспанова - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Әлия Сатайбекқызы халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Зейнетақымен және
әлеуметтік қамсыздандыру департаменті
жинақтаушы зейнетақы жүйесі бөлімінің
бастығы, хатшы
Хаджиева - Қазақстан Республикасы Қаржы
Мария Жамалқызы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу
және қадағалау агенттігінің Бағалы
қағаздар нарығы субъектілерін және
жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау
департаменті директорының орынбасары
(келісім бойынша)
Қуанышбаев - Қазақстан Республикасы Әділет
Ермек Мекебайұлы министрлігінің Халықаралық құқық
және мемлекеттің мүліктік құқықтарын
қорғау департаменті директорының
орынбасары
Қалжанов - Қазақстан Республикасы Экономика
Бауыржан Ахметәліұлы және бюджеттік жоспарлау
министрлігінің Әлеуметтік саланы
дамыту департаменті денсаулық
сақтау және халықты әлеуметтік қорғау
басқармасының бастығы
Миятов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Қайрат Исатайұлы министрлігі Салық комитетінің
Салықтық әкімшілік ету басқармасы
бастығының міндетін атқарушы
Ибрайымова - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Бәтеш Құдысқызы Банкінің Үйлестіру департаменті
экономикалық басқармасының бас
маманы-экономист (келісім бойынша)
Жақанова - Қазақстан Республикасы Бас
Шайзада Тоқбайқызы прокуратурасының Мемлекеттік
органдардың қызметіндегі заңдылықты
қадағалау жөніндегі департаменті
әлеуметтік саладағы заңдылықты
қадағалау бөлімінің аға прокуроры
(келісім бойынша)
2. Жұмыс тобы 2008 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде орналасқан жері анықталмаған бұрынғы қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомаларын өтеу мәселесін шешу жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр