Мемлекеттік органдар реттейтін тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) деңгейі өзгерістерінің болжамдарын бағалау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 20-ө Өкімі

      Табиғи монополия субъектілерінің, үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің және Бағаларын 2008 жылы халықты әлеуметтік қорғауды бюджеттік қаржыландыру мүмкіндіктері мен бюджеттік ұйымдардың шығыстары шеңберінде мемлекет реттейтін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасына енгізілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізетін нарық субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) реттелетін тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) деңгейі өзгерістерінің болжамдарын бағалау жөніндегі ұсыныстарды пысықтау мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Сағынтаев              - Қазақстан Республикасының
Бақытжан Әбдірұлы        Премьер-Министрі Кеңсесінің
                         Басшысы, жетекші

Алдабергенов           - Қазақстан Республикасы Табиғи
Нұрлан Шәдібекұлы        монополияларды реттеу
                         агенттігінің төрағасы,
                         жетекшінің орынбасары

Шкапура                - Қазақстан Республикасы Табиғи
Анатолий Валерьевич      монополияларды реттеу агенттігі
                         Электр және жылу энергетикасы
                         саласындағы реттеу департаментінің
                         директоры, хатшы

Әбдіқалықова           - Қазақстан Республикасы Еңбек
Гүлшара Наушақызы        және халықты әлеуметтік қорғау
                         министрлігінің жауапты хатшысы

Бектұров               - Қазақстан Республикасының Көлік
Азат Ғаббасұлы           және коммуникация вице-министрі

Тұрғанов               - Қазақстан Республикасының
Дүйсенбай Нұрбайұлы      Энергетика және минералдық
                         ресурстар вице-министрі

Оспанов                - Қазақстан Республикасы Табиғи
Мұрат Мағауияұлы         монополияларды реттеу агенттігі
                         төрағасының орынбасары

Бишіғаев               - Қазақстан Республикасы
Асқар Даруішұлы          Ақпараттандыру және байланыс
                         агенттігі төрағасының орынбасары

Құбаев                 - Қазақстан Республикасы Көлік
Мұхит Мұхатұлы           және коммуникация министрлігі
                         Азаматтық авиация комитетінің
                         төрағасы

Оразбеков              - Қазақстан Республикасы Көлік
Марат Жаңабергенұлы      және коммуникация министрлігінің
                         Қатынас жолдары комитетінің
                         төрағасы

Уандықов               - Қазақстан Республикасы Көлік
Берік Ұсманұлы           және коммуникация министрлігі
                         Су көлігі департаментінің
                         директоры

Ермекова               - Қазақстан Республикасы
Несіпбала Абсағитқызы    Экономика және бюджеттік
                         жоспарлау министрлігі
                         Экономика секторларын дамыту
                         департаментінің директоры

Өмірзақова             - Қазақстан Республикасы
Сәуле Қабыкенқызы        Экономика және бюджеттік
                         жоспарлау министрлігінің
                         Экономикалық саясат және жоспарлау
                         департаменті Макроэкономикалық
                         болжамдау басқармасының бастығы

Абсатарова             - Қазақстан Республикасы
Маржан Несіпбекқызы      Индустрия және сауда министрлігі
                         Бәсекелестікті қорғау комитеті
                         бағаны реттеу басқармасының бастығы

Қуанышбаев             - "Самұрық" мемлекеттік
Әскербек Досайұлы        активтерді басқару жөніндегі
                         қазақстандық холдингі"
                         акционерлік қоғамының
                         электроэнергетикалық
                         активтерді басқару жөніндегі
                         директоры (келісім бойынша)

Сәбетов                - "Самұрық" мемлекеттік
Махамбет Әнуарбекұлы     активтерді басқару жөніндегі
                         қазақстандық холдингі"
                         акционерлік қоғамының бас
                         сарапшысы (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы екі апта мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2008 жылы халықты әлеуметтік қорғауды бюджеттік қаржыландыру мүмкіндіктері және бюджеттік ұйымдардың тиісті шығыстары шеңберінде мемлекеттік органдар реттейтін тарифтері деңгейінің рұқсат етілген өзгерістерін бағалау жөнінде ұсыныстар енгізсін.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады