Жаңа Бюджет кодексінің жобасын әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 12 ақпандағы N 33-ө Өкімі

      Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы»"Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына  Жолдауында  көзделген жаңа Бюджет кодексін әзірлеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
 
Орынбаев               -  Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы         Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші

Сұлтанов                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы         бюджеттік жоспарлау министрі, жетекшінің
                          орынбасары

Шәженова                - Қазақстан Республикасы Экономика және
Дина Мәлсқызы             бюджеттік жоспарлау министрлігінің
                          жауапты хатшысы, хатшы

Өтебаев                 - Қазақстан Республикасының Парламенті
Мүсірәлі Смайылұлы        Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет
                          комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Қосмамбетов             - Қазақстан Республикасының Парламенті
Төлебек                   Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет
                          комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Загоскина               - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
Зинаида Петровна          жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісім
                          бойынша)

Мұхамедиева             - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
Алмагүл Жұмабайқызы       жөніндегі есеп комитеті Жиынтық-талдау
                          бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)

Ертілесова              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Жаннат Жұрғалиқызы        штаттан тыс кеңесшісі

Бекетаев                - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы         вице-министрі

Дәленов                 - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы         вице-министрі

Қуанғанов               - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Фархад Шаймұратұлы        вице-министрі

Нүсіпова                - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Әсем Бекқызы              вице-министрі

Наймушина               - Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Ольга Вадимовна

Сәдуақасова             - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
Елдана Мәкенқызы          орынбасары

Котенко                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Наталья Леонидовна        Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімнің
                          меңгерушісі

Шолпанқұлов             - Қазақстан Республикасы Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы        министрлігінің Қазынашылық комитеті
                          төрағасының орынбасары

Оразалиева              - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Зәбира Жандарқызы         Заң қызметі департаментінің директоры

Қалиева                 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Анар Нұрдыбайқызы         Мемлекеттік бюджетті талдау және оның
                          атқарылуы әдіснамасы департаментінің
                          директоры

Амангелдиев             - Қазақстан Республикасының Президенті
Ардақ Амангелдіұлы        Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық
                          мониторинг бөлімі меңгерушісінің
                          орынбасары (келісім бойынша)

Ысқақов                 - Қазақстан Республикасының Президенті
Жәнібек Сапарұлы          Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық
                          мониторинг бөлімі меңгерушісінің
                          орынбасары (келісім бойынша)

Жамаубаев               - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Ерұлан Кенжебекұлы        Банкі Үйлестіру департаментінің
                          директоры (келісім бойынша)
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008.05.04 N  119-ө  Өкімімен.

      2. Жұмыс тобы 2008 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жаңа Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің жобасын әзірлесін және енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады