Маңғыстау облысындағы "Өзен" кен орнында мұнай қоймасын жою мәселесін шешу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 4 наурыздағы N 52-ө Өкімі

      1. Маңғыстау облысындағы "Өзен" кен орнында мұнай қоймасын жою мәселесін шешу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Сәрсембаев           - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Зейнолла Сәкенұлы      ортаны қорғау вице-министрі,
                       жетекші

Рақымбергенов        - Қазақстан Республикасы Қоршаған
Мұрат Мағауұлы         ортаны қорғау министрлігі
                       Экологиялық реттеу және бақылау
                       комитетінің төрағасы, жетекшінің
                       орынбасары

Темірханов           - Қазақстан Республикасы Қоршаған
Кеңес Қайыргелдіұлы    ортаны қорғау министрлігі
                       Экологиялық реттеу және бақылау
                       комитеті қоршаған ортаның
                       жағдайын бақылау басқармасының
                       бастығы, хатшы

Есематова            - Қазақстан Республикасы Бас
Айғаныс Бақытжанқызы   прокуратурасының бөлім аға
                       прокуроры (келісім бойынша)

Былқылов             - Қазақстан Республикасы Ішкі
Мәжит Текешұлы         істер министрлігі Әкімшілік
                       полициясы комитеті төрағасының
                       орынбасары

Бірекешов            - Қазақстан Республикасы Энергетика
Серікқали Аманғалиұлы  және минералдық ресурстар
                       министрлігі Мұнай өнеркәсібін
                       дамыту департаментінің басқарма
                       бастығы

Бисенов              - Маңғыстау облысының әкімдігі
Бақыт Айдарханұлы      табиғатты пайдалану басқармасының
                       бастығы

Сиражев              - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Нұрлан Жақсығалиұлы    акционерлік қоғамы Еңбекті және
                       қоршаған ортаны қорғау департаментінің
                       директоры (келісім бойынша)

Лебедь               - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Валентина Ивановна     акционерлік қоғамы Құқықтық
                       қамтамасыз ету департаменті
                       директорының орынбасары
                       (келісім бойынша)

Әдиев                - "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру"
Руслан Құрбанұлы       акционерлік қоғамы Еңбекті
                       және қоршаған ортаны қорғау
                       департаментінің директоры
                       (келісім бойынша)

Жолдасов             - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Едіге Бақтығалиұлы     акционерлік қоғамының Өндіруші
                       активтер департаменті директорының
                       орынбасары (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2008 жылғы 1 маусымға дейін Маңғыстау облысындағы "Өзен" кен орнында мұнай қоймасын жою мәселесін шешу жөніндегі ұсыныстарды әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.

      3. Жұмыс тобына белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін орталық және өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандарын тартуға рұқсат берілсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктеледі.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады