"Бәсеке туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 4 наурыздағы N 54-ө Өкімі

      1. "Бәсеке туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу мақсатында мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Шөкеев                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмірзақ Естайұлы            Министрінің орынбасары, жетекші

Есенбаев                  - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Мәжіт Төлеубекұлы           қорғау агенттігінің төрағасы,
                            жетекшінің орынбасары

Басалаева                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Оксана Сергеевна            сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау
                            комитетінің құқықтық қамтамасыз ету
                            және мемлекеттік сатып алу бөлімі
                            бастығының міндетін атқарушы, хатшы

Бобров                    - Қазақстан Республикасының Парламенті
Владимир Яковлевич          Мәжілісінің депутаты, Қазақстан
                            Республикасы Парламентінің Мәжілісі
                            Экономикалық мәселелер және өңірлік
                            даму комитетінің төрағасы (келісім
                            бойынша)

Мамытбеков                - Қазақстан Республикасы Премьер-
Асылжан Сарыбайұлы          Министрінің Кеңсесі Басшысының
                            орынбасары

Бикебаев                  - Қазақстан Республикасы Премьер-
Айдын Жолшыұлы              Министрінің кеңесшісі

Құсайынов                 - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы            және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Ерғожин                   - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Еділұлы              вице-министрі

Бекетаев                  - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы           вице-министрі

Әблезов                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Кәрібай Тілеубергенұлы      және сауда вице-министрі

Бектұров                  - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы              коммуникация вице-министрі

Тұрғанов                  - Қазақстан Республикасының Энергетика
Дүйсенбай Нұрбайұлы         және минералдық ресурстар вице-министрі

Оспанов                   - Қазақстан Республикасы Табиғи
Мұрат Мағауияұлы            монополияларды реттеу агенттігі
                            төрағасының орынбасары

Бишиғаев                  - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Асқар Дәруішұлы             және байланыс агенттігі төрағасының
                            орынбасары

Перуашев                  - "Атамекен" одағы" ұлттық экономикалық
Азат Тұрлыбекұлы            палатасының төрағасы (келісім бойынша)

Ахметов                   - "Қазақстандық Электр энергетикалық
Дәулет Дәлелұлы             қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі
                            директорлар кеңесінің мүшесі
                            (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2008 жылғы 30 мамырға дейінгі мерзімде "Бәсеке туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.

       Премьер-Министр                                      К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады