2008 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және халықаралық жарыстарды дайындау мен өткізуді ұйымдастыру іс-шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 60-ө Өкімі

      1. Қосымшаға сәйкес 2008 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және халықаралық жарыстарды дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.

      2. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Алматы және Астана қалаларының, Ақмола, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдері спорт түрлері бойынша тиісті федерациялармен келісім бойынша республикалық және халықаралық жарыстарды (бұдан әрі - жарыстар) дайындауды және өткізуді қамтамасыз етсін. 

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жарыстардың өткізілу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария етуді қамтамасыз етсін. 

      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі республика қалаларында қоғамдық тәртіпті қорғауды, ресми адамдар мен жарыстарға қатысушылар тұратын және жарыстар өтетін жерлерде олардың қауіпсіздігін, жарыстарға қатысушы шетелдік азаматтардың қонақ үйлерде тіркелуін қамтамасыз етсін. 

      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жарыстарға қатысушыларға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсін. 

      6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі жарыстарға қатысушылардың темір жол және әуе көлігімен жүруі үшін орындардың брондалуын қамтамасыз етуде ұйымдастырушы ұсынған жарысқа қатысушылардың шығу графигіне сәйкес жәрдем көрсетсін. 

      7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына жіберілетін жарыстарға қатысушы шетелдік азаматтарға визалық қолдау көрсетсін және визалар беруді жүргізсін. 

      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жарысқа қатысушыларға спорт жабдығы мен мүкәммалды жеңілдетілген кедендік ресімдеуде жәрдем көрсетсін. 

      9. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2008 жылғы 11 наурыздағы
N 60-ө өкімімен  
бекітілген   

  2008 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және
халықаралық жарыстарды дайындау мен өткізу жөніндегі
ұйымдастыру комитетінің құрамы

Досмұхамбетов            - Қазақстан Республикасының
Темірхан Мыңайдарұлы       Туризм және спорт министрі,
                           төраға

Құлназаров               - Қазақстан Республикасы
Анатолий Қожекенұлы        Туризм және спорт министрлігі
                           Спорт комитетінің төрағасы,
                           төрағаның орынбасары

Қанағатов                - "Штаттық ұлттық командалар
Елсияр Баймұхамедұлы       және спорт резерві дирекциясы"
                           республикалық мемлекеттік қазыналық
                           кәсіпорнының директоры, төрағаның
                           орынбасары

Бектұров                 - Қазақстан Республикасының Көлік
Азат Ғаббасұлы             және коммуникация вице-министрі

Рахымжанов               - Қазақстан Республикасының
Өмірхан Мұратпекұлы        Мәдениет және ақпарат вице-министрі

Ермекбаев                - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Нұрлан Байұзақұлы          істер министрінің орынбасары

Қасымов                  - Қазақстан Республикасының
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Ішкі істер вице-министрі

Саудабаев                - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Советұлы            вице-министрі

Белоног                  - Қазақстан Республикасы
Анатолий Александрович     Денсаулық сақтау министрлігі
                           Мемлекеттік санитарлық-
                           эпидемиологиялық қадағалау
                           комитетінің төрағасы,
                           Қазақстан Республикасының Бас
                           мемлекеттік санитарлық дәрігері

Рау                      - Ақмола облысының әкімі
Альберт Павлович 

Кәрібжанов               - Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Жәнібек Сәлімұлы 

Кулагин                  - Қостанай облысының әкімі,
Сергей Витальевич          Қазақстан Республикасы Триатлон
                           федерациясының құрметті президенті

Мамин                    - Астана қаласының әкімі
Асқар Ұзақбайұлы

Тасмағамбетов            - Алматы қаласының әкімі
Иманғали Нұрғалиұлы

Досымбетов               - Қазақстан Республикасы
Тимур Камалұлы             Ұлттық олимпиада комитетінің
                           бас хатшысы, Қазақстан
                           Республикасының қазіргі
                           көпсайыс және биатлон
                           одағының президенті
                           (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2008 жылғы 11 наурыздағы
N 60-ө өкіміне 
қосымша    

  2008 жылы Қазақстан Республикасында өткізілетін
республикалық және халықаралық жарыстардың тізбесі

р/с
N

Іс-шаралардың
атауы

Өткізілу
мерзімі

Өткізу
орны

Өткізілуі үшін
жауаптылар

1

2

3

4

5

1

Шаңғымен
бағдарлаудан
әлем кубогының
финалы

3-10
наурыз

Риддер
қаласы,
Шығыс
Қазақстан
облысы

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрлігі, Қазақстан
Республикасының
спорттық бағдарлау
федерациясы, Шығыс
Қазақстан облысының
әкімдігі

2

Биатлоннан
Азия чемпионаты

10-16
наурыз

Бурабай
кенті,
Ақмола
облысы

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрлігі, Қазақстан
Республикасының
биатлон федерациясы,
Ақмола облысының
әкімдігі

3

Дзюдодан С.
Жандосовты еске
түсіруге
арналған
халықаралық
турнир

14-16
наурыз

Алматы
қаласы

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрлігі, Қазақстан
Республикасының дзюдо
федерациясы, Алматы
қаласының әкімдігі

4

Бокстан ІІ АІВА
Азияның
олимпиадалық
біліктілік
турнирі

15-25
наурыз

Астана
қаласы

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрлігі, Қазақстан
Республикасының бокс
федерациясы, Астана
қаласының әкімдігі

5

Волейболдан
ерлердің клуб-
тық командалары
арасындағы
Азия чемпионаты

17-25
шілде

Алматы
қаласы

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрлігі, Қазақстан
Республикасының
волейбол федерациясы,
Алматы қаласының
әкімдігі

6

"Ғ. Қосанов
мемориалы"
жеңіл атлетика-
дан халықаралық
жарыс

7-8
маусым

Алматы
қала

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрлігі, Қазақстан
Республикасының жеңіл
атлетика федерациясы,
Алматы қаласының
әкімдігі

7

"А" санаты
бойынша көркем
гимнастикадан
әлем кубогы

17-22
шілде

Астана
қаласы

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрлігі, Қазақстан
Республикасының көркем
гимнастика федерация-
сы, Астана қаласының
әкімдігі

8

Қазақстан
Республикасы
спорт
ардагерлерінің
үшінші
спартакиадасы

Шілде

Қостанай
қаласы,
Қостанай
облысы

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрлігі, облыстар-
дың, Астана, Алматы
қалаларының
әкімдіктері

9

Триатлоннан
Азия кубогы

2-6 шілде

Бурабай
кенті,
Ақмола
облысы

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрлігі, Қазақстан
Республикасының
триатлон федерациясы,
Ақмола облысының
әкімдігі

10

Волейболдан
Қазақстан
Республикасының
Президенті Н.Ә
Назарбаевтың
кубогына арнал-
ған халықаралық
турнир

10-20
маусым

Астана
қаласы

Казакстан Республикасы
Туризм және спорт
министрлігі, Қазақстан
Республикасының
волейбол федерациясы,
Астана каласының
әкімдігі

11

Гольфтен
"Каzakhstan
Ореn"
халықаралық
турнирі

18-21
қыркүйек

Алматы
қаласы

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрлігі, Қазақстан
Республикасының гольф
федерациясы, Алматы
қаласының әкімдігі

12

Шахматтан ерлер
арасындағы әлем
(шұғыл блиц)
чемпионаты

29-31
тамыз

Алматы
қаласы

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрлігі, Қазақстан
Республикасының шахмат
федерациясы, Алматы
қаласының әкімдігі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады