Азаматтық ядролық энергетика саласында біріккен қазақстан-ресей компаниясын қалыптастыру жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 14 наурыздағы N 63-ө Өкімі

      Азаматтық ядролық энергетика саласында біріккен қазақстан-ресей компаниясын құру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру мақсатында:
 

      1. Жұмыс тобы мынадай құрамда құрылсын:

Мыңбаев              - Қазақстан Республикасының
Сауат Мұхаметбайұлы    Энергетика және минералдық
                       ресурстар министрі, жетекші

Ақшолақов            - Қазақстан Республикасының
Болат Оралұлы          Энергетика және минералдық
                       ресурстар вице-министрі,
                       жетекшінің орынбасары

Жәкішев              - "ҚазАтомӨнеркәсіп" ұлттық
Мұхтар Еркінұлы        компаниясы" акционерлік
                       қоғамының президенті,
                       жетекшінің орынбасары
                       (келісім бойынша)

Рясков               - Қазақстан Республикасы
Евгений Яковлевич      Энергетика және минералдық
                       ресурстар министрлігінің
                       Ядролық энергетика және атом
                       өнеркәсібі департаменті
                       директорының орынбасары

Қуанышбаев           - Қазақстан Республикасы Әділет
Ермек Мекебайұлы       министрлігінің Халықаралық құқық
                       және мемлекеттің мүліктік
                       құқықтарын қорғау департаменті
                       директорының орынбасары

Ыбырайымов           - Қазақстан Республикасы Қаржы
Қалымжан Уәлиханұлы    министрлігінің Мемлекеттің
                       қатысуымен мемлекеттік емес
                       заңды тұлғалармен жұмыс
                       жөніндегі басқарма бастығы

Шалбаев              - Қазақстан Республикасы
Айдар Есламбекұлы      Сыртқы істер министрлігі ТМД
                       департаментінің Ресеймен екі
                       жақты ынтымақтастық
                       басқармасының бастығы

Парфенов             - "ҚазАтомӨнеркәсіп" ұлттық
Дмитрий Николаевич     компаниясы" акционерлік
                       қоғамының вице-президенті
                       (келісім бойынша)

Яшин                 - "ҚазАтомӨнеркәсіп" ұлттық
Сергей Алексеевич      компаниясы" акционерлік қоғамының
                       вице-президенті (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2008 жылғы 15 сәуірге дейінгі мерзімде азаматтық ядролық энергетика саласында біріккен қазақстан-ресей компаниясының активтерін бағалау және құрылтай құжаттары жобаларының рәсімі жөнінде ұсынастар әзірлесін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады