Қазақстан Республикасының Ұлттық гидрометеорологиялық қызметін жаңғырту мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 15 наурыздағы N 65-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық гидрометеорологиялық қызметін жаңғырту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
 

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Сұлтанов             - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы      Экономика және бюджеттік
                       жоспарлау министрі, жетекші

Сәрсембаев           - Қазақстан Республикасының
Зейнолла Сәкенұлы      Қоршаған ортаны қорғау
                       вице-министрі, жетекшінің
                       орынбасары

Жамбеков             - Қазақстан Республикасы
Серік Боранбайұлы      Экономика және бюджеттік
                       жоспарлау министрлігінің
                       Экономика секторларын дамыту
                       департаменті директорының
                       орынбасары, хатшы

Әбілезов             - Қазақстан Республикасының
Кәрібай Тілеубергенұлы Индустрия және сауда вице-министрі

Айтжанов             - Қазақстан Республикасының
Дулат Нулиұлы          Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Қуанғанов            - Қазақстан Республикасының
Фархад Шаймұратұлы     Білім және ғылым вице-министрі

Көтербеков           - Қазақстан Республикасының Көлік
Дулат Қазыстайұлы      және коммуникация вице-министрі

Петров               - Қазақстан Республикасының
Валерий Викторович     Төтенше жағдайлар вице-министрі

Бишіғаев             - Қазақстан Республикасы
Асқар Дәруішұлы        Ақпараттандыру және байланыс
                       агенттігі төрағасының орынбасары

Рябцев               - Қазақстан Республикасы Ауыл
Анатолий Дмитриевич    шаруашылығы министрлігі Су
                       ресурстары комитетінің төрағасы

Өжкенов              - Қазақстан Республикасы
Болат Сұлтанұлы        Энергетика және минералдық
                       ресурстар министрлігі
                       Геология және жер қойнауын
                       пайдалану комитетінің төрағасы

Бекнияз              - Қазақстан Республикасы
Болат Қабыкенұлы       Қоршаған ортаны қорғау
                       министрлігі Орнықты даму
                       және ғылыми-талдамалық
                       қамтамасыз ету
                       департаментінің директоры

Ермекова             - Қазақстан Республикасы
Несіпбала Әбсағитқызы  Экономика және бюджеттік
                       жоспарлау министрлігі
                       Экономика салаларын дамыту
                       департаментінің директоры

Қожахметов           - Қазақстан Республикасы
Пайызхан Жолмендіұлы   Қоршаған ортаны қорғау
                       министрлігі "Қазгидромет"
                       республикалық мемлекеттік
                       кәсіпорны бас директорының
                       орынбасары (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық гидрометеорологиялық қызметін жаңғырту жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
 

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа жүктелсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады