Өзбекстан Республикасының Президенті И. Каримовтің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі N 95-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту және Өзбекстан Республикасының Президенті И. Каримовтің 2008 жылғы 22 - 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша):
      қосымшаға сәйкес Өзбекстан делегациясының мүшелеріне "1+10" форматы бойынша қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Өзбекстан делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Өзбекстан Республикасының Президенті И. Каримовтің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті атынан ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.

      6. Астана қаласының әкімі Өзбекстан делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, баратын орындарына бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында өзбек делегациясын қарсы алуға/шығарып салуға қатыссын.

      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2008 жылғы 21 сәуірдегі
N 95-ө өкіміне    
қосымша        

  Өзбекстан делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі
ұйымдастыру шаралары

      1. Өзбекстан делегациясының мүшелерін Астана қаласындағы "Риксос - Президент Астана" қонақ үйіне "1+10" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.

      2. Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін "Риксос - Президент Астана" қонақ үйіне орналастыру.

      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.

      4. Өзбекстан делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.

      5. Өзбекстан делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.

      6. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру.

      7. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың атынан Өзбекстан Республикасының Президенті И. Каримовтің құрметіне ресми қабылдау ұйымдастыру.

      8. Делегация мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады