Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 8 ақпандағы N 31-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 26 сәуірдегі N 110-ө Өкімі

       "Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жобасын әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы"  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 8 ақпандағы N 31-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:
      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:

Нұрғалиев                 - Қазақстан Республикасының Парламенті
Жақай Жұбайұлы              Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Мамытбеков                - Қазақстан Республикасының Индустрия
Еділ Құламқадырұлы          және сауда вице-министрі

Қанапьянов                - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
Шыңғыс Сержанұлы            өңірлік қаржы орталығының қызметін
                            реттеу агенттігі төрағасының орынбасары
                            (келісім бойынша)

Балтабай                  - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Мәрзия Аппасқызы            судьясы

Түгел                     - Қазақстанның адвокаттар одағының
Әнуар Құрманбайұлы          президенті (келісім бойынша)

Порохов                   - Алматы қалалық адвокаттар алқасының
Евгений Викторович          мүшесі (келісім бойынша)

Айтқұлова                 - "Самұрық" мемлекеттік активтерді
Ляззат Жұмәділқызы          басқару жөніндегі қазақстандық
                            холдингі" АҚ Экономикалық жоспарлау
                            және талдау департаментінің бас
                            менеджері (келісім бойынша);

      мына:

"Бишімбаев                - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Қуандық Уәлиханұлы          сауда вице-министрі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Бишімбаев                - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қуандық Уәлиханұлы          Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық
                            мониторинг бөлімінің меңгерушісі
                            (келісім бойынша)";

      көрсетілген құрамнан Гусинский Александр Владимирович, Жайылғанова Анар Нұралиқызы шығарылсын.

       Премьер-Министр                                      К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады