Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмонның Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 7 мамырдағы N 124-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның 2008 жылғы 12 - 13 мамырдағы Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      қосымшаға сәйкес Тәжікстан Республикасы делегациясының мүшелеріне "1+10" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тәжікстан Республикасы делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмонның арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті атынан ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.

      6. Астана қаласының әкімі Тәжікстан Республикасының делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, баратын орындарына бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында Тәжікстан Республикасының делегациясын қарсы алуға/шығарып салуға қатыссын.

      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр                                      К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2008 жылғы 7 мамырдағы
N 124-ө өкіміне   
қосымша       

  Тәжікстан Республикасы делегациясының мүшелеріне
қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Тәжікстан Республикасы делегациясының мүшелерін "Риксос - Президент Астана" қонақ үйіне "1+10" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін "Риксос - Президент Астана" қонақ үйіне орналастыру.

      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.

      4. Тәжікстан Республикасы делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.

      5. Тәжікстан Республикасының делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.

      6. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру.

      7. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың атынан Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмонның құрметіне ресми қабылдау ұйымдастыру.

      8. Тәжікстан Республикасы делегациясының мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады