Литва Республикасының Премьер-Министрі Г.Киркиластың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 8 мамырдағы N 126-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту, 2008 жылғы 13 - 14 мамыр кезеңінде Литва Республикасының Премьер-Министрі Гедиминас Киркиластың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      қосымшаға сәйкес "1+1+10" форматы бойынша Литва Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Литва Республикасы ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарында қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Литва Республикасының Премьер-Министрі Г.Киркиластың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми түскі ас кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.

      6. Астана қаласының әкімі Литва Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу мен шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында Литва Республикасының Премьер-Министрі Г.Киркиласты қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.

      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр                                      К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2008 жылғы 8 мамырдағы 
N 126-ө өкіміне   
қосымша        

Литва Республикасы делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Литва Республикасы ресми делегациясының мүшелерін Астана қаласындағы "Окан Интерконтиненталь Астана" қонақ үйіне "1+1+10" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін Астана қаласындағы "Окан Интерконтиненталь Астана" қонақ үйіне орналастыру.

      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.

      4. Литва Республикасы ресми делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.

      5. Литва Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.

      6. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен көркемдеу.

      7. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің атынан Литва Республикасының Премьер-Министрі Г.Киркиластың құрметіне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.

      8. Литва Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады