Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына шолу жасауды, бағалауды және рейтингтер беруді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен, агенттіктермен және өзге де институттармен өзара іс-қимыл жасау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 162-ө Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 89-ө өкімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 13.05.2021 № 89-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына шолу жасауды, бағалауды және рейтингтер беруді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен, агенттіктермен және өзге де институттармен өзара тиімді іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әлеуметтік- экономикалық жағдайына шолу жасауды, бағалауды және рейтингтер беруді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен, агенттіктермен және өзге де институттармен өзара іс-қимыл жасауға жауапты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарын бекітіп беру (бұдан әрі - Бекітіп беру) бекітілсін.

      2. Бекітіп беруде көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдары:

      1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына шолу жасауды, бағалауды және рейтингтер беруді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдарға, агенттіктерге және өзге де институттарға тұрақты негізде ақпарат беруді қамтамасыз етсін;

      2) Бекітіп беруде көрсетілген халықаралық ұйымдар, агенттіктер мен өзге де институттар жүргізетін бағалауларға және рейтингтерге тұрақты мониторинг жүргізсін;

      3) тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүргізілетін жұмыс туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүргізілетін жұмыс туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы өкімді іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

Премьер-Министр

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 12 маусымдағы
N 162-ө өкімімен
бекітілген

      Ескерту. Бекітіп беруге өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 270-ө 2009.10.01. N 140-ө Өкімдерімен.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына
шолуды, бағалауды және рейтингтер беруді жүзеге асыратын
халықаралық ұйымдармен, агенттіктермен және өзге де
институттармен өзара іс-қимыл жасауға жауапты Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарын
бекітіп беру

N

Қазақстан Республикасының

әлеуметтік-экономикалық

жағдайына шолуды,

бағалауды және

рейтингтіктер беруді

жүзеге асыратын

халықаралық ұйымдар,

агенттіктер немесе

өзге де институттар

Рейтингтің

(индекстің),

бағаның атауы

Қазақстан

Республикасының

мемлекеттік

органдары мен өзге

де ұйымдары

1

2

3

4

1

Дүниежүзілік банк

Бизнес жүргізудің

қолайлылық

деңгейі (Doing

bussines) (Жылсайынғы есеп)

ЭБЖМ (жинақтау), ИСМ, Қаржымині, ЭМРМ, ККМ, ҰБ (келісім

бойынша), БҚА

2

"Transparency

International" (Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес

жөніндегі дүниежүзілік

үкіметтік емес ұйым)

Сыбайлас

жемқорлықты

сезгіштігі

индексі

ЭСЖКА (келісім

бойынша), ІІМ

3

Дүниежүзілік экономикалық

форум

Бәсекеге қабілет-

тіліктің жаһандық рейтингі

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкі жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" АҚ

(келісім бойынша)

4

Дүниежүзілік экономикалық

форум

Экологиялық

жетістіктер

индексі

Қоршағанортамині

(жинақтау), ДСМ,

ЭМРМ

5

Лозанна қаласында

орналасқан (Швейцария)

IMD (Менеджментті

дамытудың халықаралық

институты (International

Institute For Management

Development - IMD)


Бәсекеге

қабілеттілік

индексі

ЭБЖМ ЭЗИ (жинақ-

тау), БҚА, Қаржы-

мині, ИСМ, ЭМРМ,

ККМ, ТМРА (келісім

бойынша), ҰБ

(келісім бойынша),

ЭБЖМ, СА (келісім

бойынша), Әділет-

мині, МҚА (келісім

бойынша)

6

"Freedom House"

("Бостандық үйі" -

халықаралық үкіметтік

емес ұйымы)

"Freedom of the

Press" баспасөз

еркіндігі деңгей-

інің индексі

МАМ (жинақтау), СІМ

7

"Economist Intelligence

Unit" ("Economist

Intelligence Unit"

журналы)

Өмір сапасы

индексін

есептеуге

арналған

индикаторлар

СА (жинақтау),

Қаржымині, ИСМ,

ЭМРМ, ККМ, ЭБЖМ,

Әділетмині, МАМ

8

ХВҚ (Халықаралық валюта

қоры)

Деректерді

таратудың арнайы

стандартымен

(ДТАС) салыстыр-

ғандағы Қазақстан

Республикасыныңмакроэкономикалық

статистикасын

бағалау

СА (жинақтау),

Қаржымині, ҰБ

(келісім бойынша)

9

"Дүниежүзілік денсаулық

сақтау ұйымы" Европалық

өңірлік бюросы

Бағалау

ДСМ

10

Алынып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 2009.10.01. N 140-ө Өкімімен

11

Дүниежүзілік банк

Амортизация мен

табиғи капиталдың

жоғалуын ескере-

тін шынайы жинақ-тар индексі

Қоршағанортамині

12

"ЮНКТАД" ("UNCDAT"" -

United Nations Conference

for Trading and

Development - БҰҰ-ның

Сауда және дамыту

жөніндегі конференциясы)

Тікелей шетел

инвестицияларын

тарту индексі

ИСМ (жинақтау),

Қаржымині, ЭМРМ,

ККМ, ҰБ (келісім

бойынша), ЭБЖМ,

АӨҚОА (келісім

бойынша), БҚА

13

БҰҰДМ (Біріккен Ұлттар

Ұйымының Даму

бағдарламасы)

Адами даму

индексі (Жыл

сайынғы есеп)

БҒМ (жинақтау),

ДСМ, Еңбекмині

14

"Mercer Human Resourse"

(Адами ресурстарды дамыту

жөніндегі халықаралық

компания)

Қалалардың жыл

сайынғы рейтингі

(Жыл сайынғы

баспасөз-релиз)

Астана қаласының

әкімдігі,

Алматы қаласының

әкімдігі

15

Экономикалық ынтымақтас-

тық және дамыту ұйымы

Кредиттік

сенімділік

рейтингі

ЭБЖМ (жинақтау),

ИСМ, ҰБ (келісім

бойынша), Қаржыми-

ні, ЭБЖМ, АӨҚОА

(келісім бойынша),

ҚНРА (келісім

бойынша)

16

"Heritage Foundation"

("Мұра" қоры - АҚШ-тың

зерттеу және оқыту

институты)

Экономикалық

еркіндік деңгейі

ИСМ (жинақтау),

Қаржымині, ЭМРМ,

ККМ, ЭБЖМ,

Әділетмині, АӨҚОА

(келісім бойынша),

БҚА

17

"Шексіз тілшілер"

халықаралық ұйымы

("Reporters without

Borders/Reporters sans

frontiers")

Дүниежүзілік

баспасөз

еркіндігі индексі

МАМ (жинақтау), СІМ

18

Алынып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 2009.10.01. N 140-ө Өкімімен

19

Standard&Poor халықаралық

рейтингтік агенттігі

Егемен кредиттік

рейтингтер

ЭБЖМ (жинақтау),

Қаржымині, ҰБ

(келісім бойынша),

ҚНРА (келісім бойынша)

20

Fitch Ratings халықара-

лық рейтингтік агенттігі

Егемен кредиттік

рейтингтер

ЭБЖМ (жинақтау),

Қаржымині, ҰБ

(келісім

бойынша), ҚНРА

(келісім бойынша)

21

Moody's Investors

Service халықаралық

рейтингтік агенттігі

Егемен кредиттік рейтингтер

ЭБЖМ (жинақтау),

Қаржымині, ҰБ

(келісім бойынша),

ҚНРА (келісім

бойынша)

22

Алынып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 2009.10.01. N 140-ө Өкімімен

23

Алынып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 2009.10.01. N 140-ө Өкімімен

24

ЮНЕСКО (UNESCO)

статистика институты

Білім, ақпараттық

-технологиялық

даму деңгейінің

индексі

БҒМ, СА


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және

      бюджеттік жоспарлау министрлігі

      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

      ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда

      министрлігі

      СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер

      министрлігі

      ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

      ҚНРА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен

      қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау

      агенттігі

      АӨҚОА - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының

      өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу

      агенттігі

      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

      ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды

      реттеу агенттігі

      ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

      министрлігі

      МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және

      ақпарат министрлігі

      ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және

      минералдық ресурстар министрлігі

      ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және

      коммуникация министрлігі

      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер

      министрлігі

      ЭСЖКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық

      қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      күрес агенттігі (қаржы полициясы)

      СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

      Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

      министрлігі

      Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны

      қорғау министрлігі

      ЭБЖМ ЭЗИ - Қазақстан Республикасы Экономика және

      бюджеттік жоспарлау министрлігінің

      "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ

      БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті

      қорғау агенттігі

      МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет

      істері агенттігі

      ДТАС - Деректерді таратудың арнайы стандарты

      ХВҚ - Халықаралық валюта қоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады