Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 13.05.2021 № 89-ө өкімімен.
"Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына шолу жасауды, бағалауды және рейтингтер беруді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен, агенттіктермен және өзге де институттармен өзара іс-қимыл жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 162-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына шолуды, бағалауды және рейтингтер беруді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен, агенттіктермен және өзге де институттармен өзара іс-қимыл жасауға жауапты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарын бекітіп беруде:
реттік нөмірі 3-жолдың 4-бағанындағы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкі жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 7-жолдың 2-бағанындағы "Mercer Human Resource" (Адами ресурстарды дамыту жөніндегі халықаралық компания)" деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 12-жолдың 4-бағанындағы "СА (келісім бойынша)," деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 16-жолдың 4-бағанындағы "СА (келісім бойынша)," деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 24-жолдың 4 бағаны "СА" деген аббревиатурамен толықтырылсын;
реттік нөмірлері 10, 18, 22, 23-жолдар алынып тасталсын;
Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында: "ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты" деген жол алынып тасталсын.
Премьер Министр | К. Мәсімов |