БҰҰ, ЕО, АҚШ, РФ "төрттігінің" Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Т.Блэрдің Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 17 маусымдағы N 166-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасының Таяу Шығыстағы сыртқы саясатын нығайту және БҰҰ, ЕО, АҚШ, РФ "төрттігінің" Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Тони Блэрдің 2008 жылғы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      қосымшаға сәйкес БҰҰ, ЕО, АҚШ, РФ»"төрттігінің" Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Т. Блэрдің делегациясына қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі БҰҰ, ЕО, АҚШ, РФ "төрттігінің" Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, БҰҰ, ЕО, АҚШ, РФ "төрттігінің" Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Т. Блэрдің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.

      6. Астана қаласының әкімі БҰҰ, ЕО, АҚШ, РФ "төрттігінің" Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Т. Блэрді Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.

      7. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2008 жылғы 17 маусымдағы
N 166-ө өкіміне     
қосымша         

БҰҰ, ЕО, АҚШ, РФ "төрттігінің" Таяу Шығыс бойынша
арнайы өкілі Т. Блэрдің делегациясына қызмет көрсету
жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. БҰҰ, ЕО, АҚШ, РФ "төрттігінің" Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Т. Блэрдің делегациясына Астана қаласында көліктік қызмет көрсету.
      2. БҰҰ, ЕО, АҚШ, РФ "төрттігінің" Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Т. Блэрдің құрметіне Астана қаласында ресми кешкі қонақасын ұйымдастыру.
      3. БҰҰ, ЕО, АҚШ, РФ "төрттігінің" Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Т. Блэр үшін сыйлық сатып алу.
      4. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру.
      5. Делегация мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады