Қазақстан Республикасының "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2008 жылғы 14 тамыздағы N 210-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының " Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы " және " Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " 2008 жылғы 5 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Мемлекеттік орган:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

       Премьер-Министр                                  К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Премьер-министрінің    
2008 жылғы 14 тамыздағы  
N 210-ө өкімімен     
бекітілген        

  Қазақстан Республикасының "Сәйкестікті бағалау саласындағы
аккредиттеу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне сәйкестікті бағалау саласындағы
аккредиттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі заңдарын іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі

N
р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Аккредиттеу жөніндегі органды белгілеу туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ИСМ

2008 жылғы
тамыз

2.

Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы

Бұйрық

ИСМ

2008 жылғы
тамыз

3.

Сәйкестікті растау жөніндегі орган сынақ зертханасының қамтамасыз етуіне жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынау көлемін бекіту туралы

Бұйрық

ИСМ

2008 жылғы
тамыз

4.

Асыл тұқымдық куәліктердің нысанын және беру ережесін бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2008 жылғы
тамыз

5.

Өтініш-декларацияларды тіркеу ережесін бекіту туралы

Бұйрық

ИСМ

2008 жылғы
тамыз

6.

Тіркелген сәйкестік туралы декларациялар, өтініш-декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін жүргізу ережесін және оларды ұсыну тәртібін бекіту туралы

Бұйрық

ИСМ

2008 жылғы
тамыз

       Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
      АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады