Стресті активтер қорын құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 8 қыркүйектегі N 239-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының 2008 жылғы 2 қыркүйекте болған бірлескен мәжілісінде Стресті активтер қорын құру мәселесі бойынша Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыру мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған Стресті активтер қорын құру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық атқарушы органдар, "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрінің    
2008 жылғы 8 қыркүйектегі
N 239-ө өкімімен     
бекітілген        

Стресті активтер қорын құру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шаралар

Аяқтау
нысаны

Орындау
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

Болжам-
ды
шығыс-
тар

Қаржы-
ландыру
көзі

1

2

3

4

5

6

7

1

Стресті активтер қорын құру және басқару тетігін анықтау (жұмыс істеп тұрған заңды тұлға базасында не заңды тұлға
құру)

Қазақстан
Республи-
касының
Премьер-
Министрін-
де өткен
кеңестің
хаттамалық
шешімі

2008
жылғы
10
қыркүйек

Қаржы-
мині,
ЭБЖМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ,
ҚҚҚ
(келісім
бойынша)

Талап
етіл-
мейді


2

Стратегиялық әріптестермен келіссөздер жүргізу және активтерді бағалауға және қайта құрылымдауға мамандандырылатын шетел компаниясын тарту жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

2008
жылғы
1 қазан

Қаржы-
мині,
ЭБЖМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ,
ҚҚА
(келісім
бойынша)

Талап
етіл-
мейді


3

Сатып алынатын активтердің (дисконттың) құнын анықтау тетігі және Стресті активтер қорын капиталдандыруға Үкіметтің қатысу мөлшерін бағалау жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

2008
жылғы
15
қыркүйек

Қаржы-
мині,
ҚҚА,
ЭБЖМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ
ҚҚҚ
(келісім
бойынша)

Талап
етіл-
мейді


4

Стресті активтерді анықтау және бағалау: оларды сәйкестендіру, осы активтерді жіктеу тәсілдері

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

2008
жылғы
15
қыркүйек

Қаржы-
мині,
ҚҚА,
ЭБЖМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ,
ҚҚҚ
(келісім
бойынша)

Талап
етіл-
мейді


5

Стресті активтер қорының тұжырымдамасын әзірлеу

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Үкіметінің
қаулысы

2008
жылғы
1 қазан

Қаржы-
мині,
ЭБЖМ,
Әділет-
мині,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ,
ҚҚА
(келісім
бойынша)

Талап
етіл-
мейді


6

Стресті активтер қорын құру туралы шешім қабылдау

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Үкіметінің
қаулысы

2008
жылғы
1 қазан

Қаржы-
мині,
ЭБЖМ,
Әділет-
мині,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ

Талап
етіл-
мейді


7

Заңды тұлғаны тіркеу, басқару органдарын қалыптастыру /жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу/

Мемлекет-
тік тіркеу
(қайта
тіркеу)
туралы
куәлік

2008
жылғы
15
қараша

Қаржы-
мині,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ

Талап
етіл-
мейді


8

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін қалыптастыру (акциялар эмиссиясы/ акциялардың қосымша эмиссиясы және Үкіметтің акцияларды сатып алуы)

Эмиссия
проспек-
тісі,
акцияларды
ұстаушы-
лардың
тізілімі
жүйесінде
акционер-
дің жеке
шотына
акцияларды
есептеу

2008
жылғы
1 қараша

Қаржы-
мині,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ

300 млн.
теңге

Үкімет-
тің
резерві

9

Стресті активтер қорын капиталдандыру

Эмиссия
проспекті-
сі,
акцияларды
ұстаушы-
лардың
тізілімі
жүйесінде
акционер-
дің жеке
шотына
акцияларды
есептеу

2008 - 2009
жылдар

Қаржы-
мині,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ

Осы
Жоспар-
дың
3-тар-
мағына
сәйкес
анықта-
латын
болады

Респуб-
ликалық
бюджет

10

Инвестициялық меморандумды және Стресті активтер қорының басқа да негізгі ішкі құжаттарын бекіту

"Қазына"
ОДҚ" АҚ
Директор-
лар
кеңесінің
шешімі

2008
жылғы
15
қараша

Қаржы-
мині,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ

Талап
етіл-
мейді


11

Активтерді бағалауға және қайта құрылымдауға мамандандырылатын шетел компаниясымен ынтымақтастық туралы келісім (меморандум) жасау

Директор-
лар
кеңесінің
шешімі

2008
жылғы
15
қараша

Қаржы-
мині,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ

Талап
етіл-
мейді


        Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

Қаржымині        - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ             - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
                   жоспарлау министрлігі
Әділетмині       - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
"Қазына" ОДҚ" АҚ - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы
ҚҚА              - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы
                   ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
ҚҚҚ              - Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады