Латвия Республикасының Президенті Валдис Затлерстың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 249-ө Өкімі.

      Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту, Латвия Республикасының Президенті Валдис Затлерстың 2008 жылғы 2-5 қазан кезеңінде Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз өтсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):

      1) қосымшаға сәйкес Латвия Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне "1+1+13" (өзара қағидатымен) форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;

      2) сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Латвия Республикасы ресми делегациясы мүшелерінің Астана және Алматы қалаларының әуежайларындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Латвия Республикасының Президенті Валдис Затлерстың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана және Алматы қалаларының әуежайларына қонуын және одан ұшып шығуын;

      2) Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми қонақасы кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.

      6. Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Латвия Республикасының ресми делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, әуежай мен көшелердің безендірілуін, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана және Алматы қалаларының әуежайларында Латвия Республикасының Президенті Валдис Затлерсты қарсы алу/шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.

      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 30 қыркүйектегі
N 249-ө өкіміне
қосымша

Латвия Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Латвия Республикасы ресми делегациясының мүшелерін Астана қаласындағы "Риксос Президент Отель Астана" қонақ үйіне және Алматы қаласындағы "ИнтерКонтиненталь Алматы" қонақ үйіне "1+1+13" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін Астана қаласындағы "Риксос Президент Отель Астана" қонақ үйіне орналастыру және Алматы қаласындағы "ИнтерКонтиненталь Алматы" қонақ үйіне орналастыру.

      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.

      4. Латвия Республикасы ресми делегацияның басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.

      5. Латвия Республикасы ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана және Алматы қалаларының әуежайларында ВИП-зал арқылы өткізу, шай дастарханын ұйымдастыру.

      6. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру.

      7. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атынан Латвия Республикасының Президенті В.Затлерстың құрметіне Астана қаласында ресми түскі ас ұйымдастыру.

      8. Ресми делегация мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады