Австрия Республикасының Президенті Хайнц Фишердің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 8 қазандағы N 252-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту, Австрия Республикасының Президенті Хайнц Фишердің 2008 жылғы 12 - 14 қазан кезеңінде Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      1) қосымшаға сәйкес Австрия Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне "1+10" (өзаралық қағидаты бойынша) форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2) сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Австрия Республикасы ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Австрия Республикасының Президенті Хайнц Фишердің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми түскі қонақасы кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
      6. Астана қаласының әкімдігі Австрия Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, әуежай мен кешелердің безендірілуін, сондай-ақ мәдени багдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Австрия Республикасының Президенті Хайнц Фишердің қатысуымен өтетін барлық ресми рәсімдерге қатыссын.
      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 8 қазандағы
N 252-ө өкіміне  
қосымша      

Австрия Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Австрия Республикасы ресми делегациясының мүшелерін Астана қаласындағы "Рэдиссон САС" қонақ үйіне "1+10" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін Астана қаласындағы "Рэдиссон САС" қонақ үйіне орналастыру.
      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Австрия Республикасы ресми делегациясының басшысы және мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      5. Австрия Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында ВИП-зал арқылы өткізу, шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру.
      7. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан Австрия Республикасының Президенті Хайнц Фишердің кұрметіне Астана қаласында ресми түскі ас ұйымдастыру.
      8. Австрия Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады