1. Қоса беріліп отырған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы
Кодексі
(Салық кодексі) және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) осы өкімнің 1-тармағында көрсетілген заңнамалық актілерді іске асыру мақсатында ведомстволық нормативтік құқықтық актілер қабылдасын және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі осы өкімнің орындалуын бақылауды жүзеге асырсын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 15 желтоқсандағы
N 282-ө өкімімен
бекітілген
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы
10 желтоқсандағы Кодексін (Салық кодексі) және Қазақстан
Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі)
қолданысқа енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарын іске
асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі
р/с
|
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Жауапты мемлекеттік органдар |
Орындалу мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
|
||||
1 |
Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес құру туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині |
2008 жылғы желтоқсан |
2 |
Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ (жинақтау), СІМ, Қаржымині |
2008 жылғы желтоқсан |
3 |
Оқитын тұлғаның тұруы мен ақша сомаларын төлеуге арналған шығыстардың нормаларын белгілеу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ |
2008 жылғы желтоқсан |
4 |
Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сәйкес келетін қызметтің түрлері бойынша өзіндік өндіріс тауарларының (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИСМ (жинақтау), ЭМРМ, ККМ, ТСМ, ЭБЖМ, Қаржымині |
2008 жылғы желтоқсан |
5 |
Жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің акцияларды (қатысу үлестерін), заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталының немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) өткізу күнгі құнындағы үлесін айқындау ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), ЭМРМ, ЭБЖМ |
2008 жылғы желтоқсан |
6 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), Еңбекмині |
2008 жылғы желтоқсан |
7 |
Салық салу жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2008 жылғы желтоқсан |
8 |
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, Қазақстан Республикасының аумағында оның шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), ЭМРМ |
2008 жылғы желтоқсан |
9 |
Қарыз операцияларын іске асыру жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ (жинақтау), "Самұрық- Қазына" ҰӘҚ" АҚ |
2008 жылғы желтоқсан |
10 |
Кез келген нысандағы дәрі-дәрмектік заттардың, оның ішінде субстаңция-дәрілердің; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифло-техниканы және медициналық (ветеринарлық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың; импорты қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрі-дәрмектік заттарды, оның ішінде субстанция-дәрілерді; протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринарлық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған материалдар, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ДСМ (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині, АШМ |
2008 жылғы желтоқсан |
11 |
Қосылған құн салығынан босатылатын медициналық және ветеринарлық қызмет көрсетуге байланысты тауарлардың және қызметтердің тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ДСМ (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині, АШМ |
2008 жылғы желтоқсан |
12 |
Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині |
2008 жылғы желтоқсан |
13 |
Тауарларды ізгілік көмек ретінде әкелу ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2008 жылғы желтоқсан |
14 |
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді еткізуді тұрақты еткізуге жатқызу өлшемдерін белгілеу және қайтарылуы тиіс қосылған құн салығының асып түсу сомасын айқындау ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2008 жылғы желтоқсан |
15 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы N 217 қаулысына өзгеріс енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2008 жылғы желтоқсан |
16 |
Сирек және жерде сирек кездесетін металдар бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ (жинақтау), ЭМРМ, Қаржымині |
2008 жылғы желтоқсан |
17 |
Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭМРМ (жинақтау), Қаржымині |
2008 жылғы желтоқсан |
18 |
Жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алымдардың ставкаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині |
2008 жылғы желтоқсан |
19 |
Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жол жүруін регламенттейтін кейбір мәселелер |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ |
2008 жылғы желтоқсан |
20 |
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдаланудың кейбір мәселелері туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АБА |
2008 жылғы желтоқсан |
21 |
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыс бергені үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АБА (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині |
2008 жылғы желтоқсан |
22 |
Консулдық алымдар ставкаларының базалық ең төменгі және ең жоғарғы мөлшерін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
СІМ |
2008 жылғы желтоқсан |
23 |
Мониторингке жатқызылатын ірі салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2008 жылғы желтоқсан |
24 |
Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу - бақылау маркаларымен және акциздік маркалармен таңбалау туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2008 жылғы желтоқсан |
25 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2008 жылғы желтоқсан |
26 |
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2008 жылғы желтоқсан |
27 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі N 845 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ |
2008 жылғы желтоқсан |
28 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 121 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИСМ |
2008 жылғы желтоқсан |
29 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2008 жылғы желтоқсан |
30 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), ЭБЖМ |
2008 жылғы желтоқсан |
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы |
||||
31 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ (жинақтау), АШМ, ИСМ, ККМ, ЭМРМ |
2008 жылғы желтоқсан |
32 |
Жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттарды рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орындарын (кен орындары тобын, кен орындарының бір бөлігін), өте тұтқыр, су басқан, дебеті аз немесе бұрын қазылған санатқа жатқызу ережесін және осындай келісім-шарттарды , кен орындарының тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭМРМ (жинақтау), Қаржымині, ИСМ |
2008 жылғы желтоқсан |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы |
||||
33 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині |
2008 жылғы желтоқсан |
34 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині |
2008 жылғы желтоқсан |
Ескертпе: аббревиатураларды ң толы қ жазылуы:
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
және байланыс агенттігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және
минералдық ресурстар министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
"Самұрық Қазына" - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
ҰӘҚ" АҚ акционерлік қоғамы