Қазақстан Республикасында мемлекеттер басшыларының бейресми саммитін дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 285-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасының еуразиялық өңір мемлекеттерімен көп жақты ынтымақтастығын нығайту және 2008 жылғы 19-21 желтоқсанда Қазақстан Республикасында Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы мемлекеттері басшыларының бейресми саммитін (бұдан әрі - саммит) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі саммитті дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      1) қосымшаға сәйкес ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне "1+10" форматы бойынша қызмет көрсету жөніндегі қажетті ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2) саммитті өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ресми делегациялар мүшелерінің әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақтарды күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, мемлекеттер басшыларының арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана және Көкшетау қалаларының әуежайларына қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) ресми делегациялардың арнайы ұшақтарына Астана және Көкшетау қалаларының әуежайларында техникалық қызмет көрсетуді, олардың тұрағын және жанармай құюды;
      3) мемлекеттер басшылары үшін Астана - Щучинск бағыты бойынша арнайы пойыз жарақтауды (қолайсыз метеожағдайда) қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі саммитті бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді, сондай-ақ саммитті өткізу кезінде концерттік және мәдени бағдарламалар ұйымдастыруды және қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      6. Астана қаласының әкімдігі делегацияларды қарсы алу және шығарып салу жөніндегі іс-шараларды орындауды, Астана қаласының әуежайы мен көшелерін безендіруді, делегациялардың баратын жерлерінде бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Ақмола облысының әкімдігі:
      1) Көкшетау қаласының әуежайын және Щучинск қаласының темір жол
вокзалын жоғары дәрежелі қонақтарды қабылдауға дайындасын;
      2) Көкшетау қаласында және Щучье-Бурабай курорттық аймағында саммитті өткізу уақытында делегациялар және концерттік-мәдени бағдарламаға қатысушылар үшін тамақтандыруды, тұру орындарын және қажетті автокөлікті ұйымдастырсын;
      3) делегацияларды қарсы алу және шығарып салу жөніндегі іс-шараларды орындауды, Көкшетау қаласының әуежайы мен көшелерін безендіруді, делегациялардың баратын жерлерінде бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін;
      4) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен бірлесіп, Щучье-Бурабай курорттық аймағының аумағында мерекелік композицияларды (мұз қалашығын) кіші сәулеттік пішіндермен безендіруді қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) мемлекеттер басшыларын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу рәсіміне қатыссын.
      9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2008 жылғы 19 желтоқсандағы
N 285-ө өкіміне    
қосымша        

Мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне қатысатын ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Астана және Көкшетау қалаларының әуежайларындағы VІР-залдарда ресми делегация басшылары мен мүшелеріне қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.
      2. Саммитті өткізу уақытында ресми делегацияларға "1+10" форматында көліктік қызмет көрсетуді, тамақтандыруды және тұру орындарын ұйымдастыру.
      3. 2008 жылғы 19-21 желтоқсан кезеңінде Қазақстан Республикасы Президентінің атынан қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі астар) ұйымдастыру және 300 адамға арналған техникалық үстөлге қызмет көрсету.
      4. Саммитті өткізу орындарына қажетті азық-түлік, мүлік және құрал-жабдықтар (үстөлдер, креслолар, микрофондар, дыбыстық күшейткіштер, спич-мінберлер, киім, спорттық мүкәммал, объектілерді мерекелік-сәндік безендіру, гүлмен безендіру және т.б.) сатып алуды және болуды ұйымдастыру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады