Мемлекеттік органдар мен ұйымдар сатып алатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтылуды дамыту мәселесі жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 20 желтоқсандағы N 286-ө Өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 44-ө Өкімімен

       Ескерту. Өкімнің күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2009.03.20. N 44-ө Өкімімен.

      Мемлекет басшысы 2008 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында берген тапсырмаларды іске асыру мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Шөкеев                   - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы           орынбасары, жетекші

Мыңбаев                  - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Сауат Мұхаметбайұлы        минералдық ресурстар министрі, жетекшінің
                           орынбасары

Дәрібаев                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Мұратбек Амангелдіұлы      сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің
                           төрағасы, хатшысы

Жәмішев                  - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Сұлтанов                 - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы          бюджеттік жоспарлау министрі

Ахметов                  - Қазақстан Республикасының Көлік және
Серік Нығметұлы            коммуникация министрі

Шоқаманов                - Қазақстан Республикасы Статистика
Юрий Камирұлы              агенттігінің жауапты хатшысы

Ыбыраев                  - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Азамат Болатұлы            Кеңсесі Басшысының орынбасары

Төлеуханов               - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Дәурен Айтмұхаметұлы       Кеңсесі Басшысының орынбасары

Айдарбеков               - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Серік Кенғанұлы            Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму
                           бөлімінің меңгерушісі

Ойнаров                  - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Азамат Рысқұлұлы           министрінің орынбасары

Бекетаев                 - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы          вице-министрі

Мамытбеков               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Еділ Құламқадырұлы         сауда вице-министрі

Кәрбозов                 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі
Қозы-Корпеш Жапарханұлы    Кеден комитетінің төрағасы

Сафинов                  - "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры"
Қанатбек Бейсенбекұлы      акционерлік қоғамының басқарушы директоры
                           - басқарма мүшесі (келісім бойынша)

Перуашев                 - "Атамекен Одағы" Қазақстан ұлттық
Азат Тұрлыбекұлы           экономикалық палатасының басқарма төрағасы
                           (келісім бойынша)

Әубәкіров                - "Қазақстан келісім-шарт агенттігі"
Тимур Тоқтарұлы            акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                           (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2009 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде мемлекеттік органдар мен ұйымдар сатып алатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтылудың пайыздық көлемін арттыру жөнінде шаралар кешенін әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

       Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады