2008-2009 жылдар кезеңінде электр энергиясы қуатының қысқы жүктеме максимумын өткізу мәселесі жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 290-ө Өкімі

      2008-2009 жылдар кезеңінде электр энергиясы қуатының қысқы жүктеме максимумын өткізу мәселесі жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Мыңбаев                  - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Сауат Мұхаметбайұлы        минералдық ресурстар министрі, жетекші

Тұрғанов                 - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Дүйсенбай Нұрбайұлы        минералдық ресурстар вице-министрі,
                           жетекшінің орынбасары

Айтжанов                 - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Бауыржан Құрманғалиұлы     минералдық ресурстар министрлігі
                           Мемлекеттік энергетикалық қадағалау
                           комитеті Мониторинг және талдау
                           басқармасының бастығы, хатшы

Рябцев                   - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Анатолий Дмитриевич        министрлігі Су ресурстары комитетінің
                           төрағасы

Қосымов                  - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Саламат Шорабайұлы         минералдық ресурстар министрлігі
                           Мемлекеттік энергетикалық қадағалау
                           комитеті төрағасының міндетін атқарушы

Веснин                   - Қазақстан Республикасының Төтенше
Виктор Николаевич          жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар
                           және өнеркәсіп қауіпсіздігін мемлекеттік
                           бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Қилыбай                  - Қазақстан Республикасының Көлік және
Нұрдәулет Игілікұлы        коммуникациялар министрлігі Көлік және
                           қатынас жолдары комитеті төрағасының
                           орынбасары     

Қуанышбаев               - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
Әскербек Досайұлы          акционерлік қоғамының электр энергетикалық
                           активтерді басқару жөніндегі директоры
                           (келісім бойынша)     

Әбітаев                  - "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы
Есберген Әбітайұлы         басқарма төрағасының бірінші орынбасары
                           (келісім бойынша)

Әлмағамбетов             - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы"
Қанат Есмұқанұлы           акционерлік қоғамының тасымалдау процесі
                           жөніндегі басқарушы директоры (келісім
                           бойынша)     

Берлібаев                - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Данияр Әмірбайұлы          акционерлік қоғамының вице-президенті
                           (келісім бойынша)

Ли                       - "КЕGОС" акционерлік қоғамының
Валерий Константинович     вице-президенті (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2008-2009 жылдардағы қысқы кезеңде энергия көздерін отынмен қамтамасыз ету мен электр және жылу энергияларын өндіру, беру, бөлу және тұтыну кезінде электр энергетикасы саласы субъектілерінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, электр энергиясы қуатының жүктеме максимумы кезеңінде су ресурстарын пайдалануды реттеу жөнінде ұсыныстар әзірлесін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.

       Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады