"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 20 қаңтардығы N 9-ө

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

       Премьер-Министр                                  К. Мәсімов

                                            Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрінің
                                           2009 жылғы 20 қаңтардағы
                                                N 9-ө өкімімен
                                                  бекітілген

   "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
   ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін
    әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша
    өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан
         Республикасының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы
        Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
          нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындалу мерзімі

1.

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2009 жылғы қаңтар

2.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2009 жылғы қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады