Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 7 қазандағы N 250-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 43-ө Өкімі

      "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының жобасын әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 7 қазандағы N 250-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
       1-тармақта:
      жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:

Марченко                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Григорий Александрович      Төрағасы (келісім бойынша)

Әшімов                    - Қазақстан Республикасының
Нұрғали Сәдуақасұлы         Қоршаған ортаны қорғау министрі

Әбдіқалыкова              - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы           халықты әлеуметтік қорғау министрі

Құсайынов                 - Қазақстан Республикасының Көлік және
Әбілғазы Қалиақпарұлы       коммуникация министрі;

      мына:

"Шөкеев                   - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы            Премьер-Министрінің орынбасары,
                            жетекшінің орынбасары",

"Ахметов                  - Қазақстан Республикасының Көлік
Серік Нығметұлы             және коммуникация министрі"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Шөкеев                   - Қазакстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы            Премьер-Министрінің бірінші орынбасары,
                            жетекшінің орынбасары",

"Ахметов                  - Қазақстан Республикасы
Серік Нығметұлы             Премьер-Министрінің орынбасары,
                            жетекшінің орынбасары";

      көрсетілген құрамынан Н.Ә. Ысқақов, Б.М. Сапарбаев, Ә.Ғ. Сәйденов шығарылсын.

      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады