"Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319
қаулысын
орындау үшін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесері жөніндегі ақпараттық жұмыстың 2009 жылға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдар:
1) Жоспарға сәйкес тиімді ақпараттық жұмысты;
2) жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда бір рет есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 10 сәуірдегі
N 55-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасының инвестициялық
мүмкіндіктерін таныстыру жөніндегі ақпараттық жұмыстың
2009 жылға арналған жоспары
Р/с N |
Іс-шара |
Өткізу орны* |
Өткізу мерзімі |
Орындауға жауаптылар |
Қаржыландыру көздері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі іс-шаралар |
|||||
1. |
"Францияда Қазақстанның экономикасы күндері" |
Париж қаласы, Франция |
2-тоқсан |
ИСМ, СІМ, ЭБЖМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), СӨП (келісім бойынша) |
ИСМ |
2. |
"Қазақстан - Малайзия" бизнес-форумы |
Куала-Лумпур қаласы, Малайзия |
2-тоқсан |
ИСМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) |
ИСМ |
3. |
"Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері" бизнес-форумы |
Цюрих қаласы, Швейцария |
3-тоқсан |
ИСМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) |
ИСМ |
4. |
"Қазақстан - Сауд Арабиясы" бизнес-форумы |
Джидда қаласы, Сауд Арабиясы |
3-тоқсан |
ИСМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) |
ИСМ |
Қазақстан Республикасындағы іс-шаралар |
|||||
5. |
Қазақстан - румын бизнес-форумы |
Астана қаласы |
Мамыр |
ИСМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) |
ИСМ |
6. |
Қазақстан - италия бизнес-форумы |
Астана қаласы |
Мамыр |
ИСМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) |
ИСМ |
7. |
Қазақстан - испан бизнес-форумы |
Астана қаласы |
2-жарты жылдық |
ИСМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) |
ИСМ |
8. |
Қазақстан - словак бизнес-форумы |
Астана қаласы |
Қыркүйек |
ИСМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) |
ИСМ |
9. |
Қазақстан - тәжік бизнес-форумы |
Астана қаласы |
3-тоқсан |
ИСМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) |
ИСМ |
10. |
Қазақстан - герман бизнес-форумы |
Астана қаласы |
2-жарты жылдық |
ИСМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) |
ИСМ |
11. |
Қазақстан - бразилия бизнес-форумы |
Астана қаласы |
Жыл бойы |
ИСМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) |
ИСМ |
Ескертпе:
* Инвестициялық іс-шаралар Мемлекет және Үкімет басшыларының шетелге сапары шеңберінде, ел басшылығының Қазақстан өңірлері бойынша сапарлары кезінде, сондай-ақ шетел мемлекеттері басшыларының 2009 жылдың ішінде Қазақстанға сапарлары барысында өткізілуі мүмкін. Көрсетілген іс-шараларды өткізу мерзімі мен орны болжамды болып табылады, қазақстандық тараптың шетелдік ұйымдастырушылармен уағдаластығына байланысты өзгертілуі мүмкін.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы
СӨП - Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы