Біріккен Араб Әмірліктері делегациясының Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 4 мамырдағы N 62-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және Әбу-Даби әмірлігі Атқарушы кеңесінің мүшесі шейх Султан бен Халифа Әл Нахаянның 2009 жылғы 4-7 мамырда Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес Біріккен Араб Әмірліктері делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) Біріккен Араб Әмірліктері делегациясы мүшелерінің құжаттарын жеңілдетілген нысан бойынша тексеруді, сондай-ақ жүретін бағыттары бойынша жол полициясы көліктерінің бірге жүруін қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
      5. Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Біріккен Араб Әмірліктері делегациясының сапарына қатысты ұйымдастыру іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін.
      6. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2009 жылғы 4 мамырдағы
N 62-ө өкіміне    
қосымша       

Біріккен Араб Әмірліктері делегациясының мүшелерін қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін Астана қаласындағы "Риксос Президент Астана" және Алматы қаласындағы "Интерконтиненталь Алматы" қонақ үйлеріне орналастыру.
      2. Делегация мүшелеріне Астана және Алматы қалаларында көлік қызметін көрсету.
      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Біріккен Араб Әмірліктері делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      5. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру.
      6. Әбу-Даби әмірлігі Атқарушы кеңесінің мүшесі құрметіне Астана және Алматы қалаларында (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) қабылдаулар ұйымдастыру.
      7. Біріккен Араб Әмірліктері делегациясының мүшелеріне медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады