Қазақстан Республикасында тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне ақы төлеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 78-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасында тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне ақы төлеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Орынбаев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы          орынбасары, жетекші

Досқалиев                - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Жақсылық Ақмырзаұлы        министрі, жетекшінің орынбасары

Әбдікәрімова             - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Динара Әбдірахманқызы      министрлігінің Стратегия және денсаулық
                           сақтауды дамыту департаменті
                           қаржыландыруды жетілдіру және менеджмент
                           басқармасының бастығы, хатшы

Дүйсенова                - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Тамара Босымбекқызы        әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты
                           хатшысы

Біртанов                 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Елжан Амантайұлы           вице-министрі

Шолпанқұлов              - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы         вице-министрі

Кармазина                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Лена Мағауияқызы           бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Қоскелдинова             - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Шолпан Шерниязқызы         Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі
                           денсаулық сақтау секторының меңгерушісі

Айдарханов               - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Арман Тергеуұлы            министрлігі Стратегия және денсаулық
                           сақтауды дамыту департаментінің директоры

Шоранов                  - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Марат Едігеұлы             министрлігі "Денсаулық сақтауды дамыту
                           институты" республикалық мемлекеттік
                           кәсіпорнының директоры

Байгенжин                - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Абай Қабатайұлы            министрлігі "Ұлттық ғылыми медициналық
                           орталық" республикалық мемлекеттік
                           кәсіпорнының директоры

Маджуга                  - Ақмола облысының әкімдігі "Ақмола
Виктор Петрович            облысының денсаулық сақтау басқармасы"
                           мемлекеттік мекемесінің бастығы

Байжүнісов               - Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Ерік Әбенұлы               "Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық
                           сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
                           бастығы

Бейбітова                - Астана қаласы N 6 емханасының бас дәрігері Гүлжан Ғазизқызы

Құлмұқанов               - Астана қаласы N 2 қалалық балалар
Қаршыға Көкешұлы           ауруханасының бас дәрігері

      2. Жұмыс тобы 2009 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасында тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне ақы төлеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ж.А. Досқалиевқа жүктелсін.

       Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады