Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының аумағында орналасқан шекара маңындағы базарларға Қазақстан Республикасы азаматтарының бір күндік кіруі/шығуы үшін "Бақты" және "Достық" бақылау-өткізу пункттерін ашудың дайындығын айқындау мақсатында:
1. Шекара маңындағы жәрмеңкелерге қатысу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай аумағына бір күндік визасыз кіруін/шығуын ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) мынадай құрамда құрылсын:
Ермекбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Нұрлан Байұзақұлы министрінің орынбасары, жетекші
Сейітбатталов - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Бағдат Жұмабекұлы министрлігі Консулдық қызмет
департаментінің директоры,
жетекшінің орынбасары
Ұйқымбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Төлеуғазы Уалқанұлы министрлігінің Консулдық қызмет
департаменті Азия, Таяу Шығыс және Африка
елдері басқармасының бастығы, хатшы
Төлемісов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Дәурен Қайыпұлы Кедендік бақылау комитетінің кедендік
бақылауды ұйымдастыру басқармасы
бастығының орынбасары
Кәкен - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
Қарлығаш Ғазизқызы министрлігінің Туризм индустриясы
комитеті төрағасының орынбасары
Қарамендин - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Есет Исатайұлы министрлігі Әкімшілік полициясы
комитетінің көші-қон полициясы басқармасы
бастығының орынбасары
Ештаев - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Орынбасар Бердібекұлы сауда министрлігінің Сауда комитеті ішкі
нарықты қорғау басқармасының бас
сарапшысы
Туниязов - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Руслан Нұрмұхамедұлы комитеті Шекара қызметінің Шекаралық
бақылау бас басқармасының консультанты
(келісім бойынша)
2. Жұмыс тобы 2009 жылғы 28 тамызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне бақылау-өткізу пункттерінің, кедендердің, терминалдардың, шекара режимі жай-күйінің, фитосанитарлық және ветеринарлық қызметтердің жұмысы жағдайының дайындығы туралы ұсыныстар енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов