"Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне экологиялық қауіпті технологияларды, техника мен жабдықты әкелуді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 23 маусымдағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 114-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне экологиялық қауіпті технологияларды, техника мен жабдықты әкелуді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 23 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 6 тамыздағы
N 114-ө өкімімен 
бекітілген    

"Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне экологиялық қауіпті технологияларды, техника мен жабдықты әкелуді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 23 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Әзірлеу және енгізу мерзімі

1

2

3

4

5

1.

"Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылы 28 маусымдағы N 207-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қоршағанортаминінің бұйрығы

Қоршағанортамині

2009 жылғы тамыз

2.

"Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы  N 204-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қоршағанортаминінің бұйрығы

Қоршағанортамині

2009 жылғы тамыз

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
      Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады