Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кеден одағын қалыптастыру барысында туындайтын проблемалық мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 18 тамыздағы N 119-ө Өкімі

      Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) шеңберінде кеден одағын қалыптастыру барысында туындайтын проблемалық мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Шөкеев                   - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы           бірінші орынбасары, жетекші

Айтжанова                - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Жанар Сейдахметқызы        сауда вице-министрі, жетекшінің орынбасары

Асансейітова             - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Саадат Мұханбетқызы        сауда министрлігі Сауда келіссөздері
                           департаментінің директоры, хатшы

Бекетаев                 - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы          вице-министрі

Бектұров                 - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы             коммуникация вице-министрі

Құсайынов                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы           бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Смайылов                 - Қазақстан Республикасының Қаржы
Әлихан Асханұлы            вице-министрі

Дүрмағамбетов            - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Ерлан Дмитрийұлы           байланыс агенттігі төрағасының орынбасары

Ысқақов                  - Қазақстан Республикасы Президенті
Жәнібек Сапарұлы           Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық
                           мониторинг бөлімі меңгерушісінің
                           орынбасары (келісім бойынша)

Әбілқайыров              - Қазақстан Республикасы Президентінің
Дәулет Мақсұтұлы           Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық
                           мониторинг бөлімінің инспекторы (келісім
                           бойынша)

Ерғожин                  - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Дәулет Еділұлы             Салық комитетінің төрағасы

Кәрбозов                 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қозы-Көрпеш Жапарханұлы    Кедендік бақылау комитетінің төрағасы

Тен                      - Қазақстан Республикасы Қаржы
Игорь Викторович           министрлігінің Кедендік бақылау комитеті
                           төрағасының орынбасары

Оразаев                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Тимур Бибітәліұлы          министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер
                           Достастығы департаментінің директоры

Сүйесінов                - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Амантай Кемелұлы           минералдық ресурстар министрлігінің Мұнай
                           өнеркәсібін дамыту департаменті
                           директорының орынбасары

Жабағиев                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Асқар Әлиасқарұлы          комитеті Шекара қызметінің шекаралық
                           бақылау бас басқармасы 2-ші басқармасының
                           бастығы (келісім бойынша)

Ертілесова               - Қазақстан Салық төлеушілер қауымдастығының
Жаннат Жұрғалиқызы         төрайымы, Қазақстан Республикасы
                           Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі
                           (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2009 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде ЕурАзЭҚ шеңберінде кеден одағын қалыптастыру барысында туындайтын проблемалық мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.

       Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады