Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ақсай - Орал - Қаратөбе - Жамансор - Бейнеу - Жаңаөзен - Аққұдық бағыты бойынша 2009 жылғы қыркүйекте ететін "Жібек жолы-2009" халықаралық ралли-марафонын (бұдан әрі - марафон) ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында "Жібек жолы-2009" халықаралық ралли-марафонына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасы арқылы Түрікменстанға баратын марафонға қатысушы шетелдік азаматтарға визалық қолдау көрсетсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) бекітілген бағытқа сәйкес марафонға қатысушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуінің жеделдетілген рәсімін, қатысушылардың Ресей Федерациясынан кірер кезінде және Түрікменстанға шығар кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту пункттерін келісуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту пункттерін айқындасын, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес марафонға қатысушыларды, сондай-ақ спорттық құралдар мен мүкәммалды жедел кедендік ресімдеуді қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіпті күзетуді, ресми тұлғалар мен марафонға қатысушылардың тұратын орындарында, көрермендердің елді мекендердің аумағы бойынша марафонның өтуі кезінде, спорт лагерьлерінде, трассаның жедел учаскелерінде қауіпсіздігін, жалпы пайдаланымдағы жолдарды жабуды, марафонға қатысушы шетелдік азаматтардың қонақ үйлерде тіркелуін, сондай-ақ марафон бағыттарындағы жол қозғалысы (қауіпті жүктерді алып жүруді қоса алғанда) қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі тікұшақтардың алаңдарға қонумен төменгі биіктікте трассадан тыс ұшуын қоса алғанда, марафон бағыты бойынша әуе кемелерінің ұшуын навигациялық ілесуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен марафонға қатысушылардың және қосалқы автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттері арқылы кедергісіз өтуін қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі марафонның барлық бағыты бойынша марафонға қатысушыларға эвакуациялық құтқару қызметін көрсетуді және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етсін.
8. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі радиожиілік жабдықтарын (радиостанцияның ультрақысқа толқыны және спутниктік жабдықтар) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағында ұйымдастырушыларға марафонға қатысушылармен үздіксіз байланысты қамтамасыз етсін.
9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі спорт лагерьлерінде медициналық жәрдем бригадаларының тұрақты кезекшілігін қамтамасыз етсін.
10. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының әкімдіктері марафонға қатысушылардың демалыс орындарында тамақтану пункттерінің жұмысын, спорт лагерьлерінде (бағыт бойынша) ауызсумен жабдықтауды, марафонға қатысушылардың спорт лагерьлеріндегі демалыс уақытында мәдени бағдарламамен, кәдесыйлар мен сыйлықтар тапсыруды ұйымдастыруды, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, марафонға қатысушыларды қарсы алуды және шығарып салуды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін, Орал, Бейнеу, Жаңаөзен қалаларының әуежайларында марафонға ілесетін отын алып ұшатын әуе кемелерін (саны 12 бірлік ұшақ пен тікұшақ) қабылдауда және оны толтыруда жәрдем көрсетсін.
11. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының аумағы бойынша марафонның өткізілу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария етуді қамтамасыз етсін.
12. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 25 тамыздағы
N 123-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында "Жібек жолы-2009" халықаралық ралли-марафонына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы
Досмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Туризм және
Темірхан Мыңайдарұлы спорт министрі, төраға
Баймағанбетов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Серік Нұртайұлы министрі
Божко - Қазақстан Республикасының Төтенше
Владимир Карпович жағдайлар министрі
Досқалиев - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Жақсылық Ақмырзаұлы сақтау министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы ақпарат министрі
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Көлік және
Әбілғазы Қалиақпарұлы коммуникация министрі
Тәжин - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Марат Мұханбетқазыұлы министрі
Есекеев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Қуанышбек Бақытбекұлы және байланыс агенттігінің төрағасы
Шабдарбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Амангелді Смағұлұлы қауіпсіздік комитетінің төрағасы
(келісім бойынша)
Ізмұхамбетов - Батыс Қазақстан облысының әкімі
Бақтықожа Салахатдинұлы
Көшербаев - Маңғыстау облысының әкімі
Қырымбек Елеуұлы
Рысқалиев - Атырау облысының әкімі
Бергей Сәулебайұлы
Құлназаров - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
Анатөлі Қожекенұлы министрлігі Спорт комитетінің төрағасы