Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ауғанстан Ислам Республикасына арналған Қазақстан Республикасының білім бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 жылғы 4 мамырдағы N 004-591қ-1 тапсырмасын орындау үшін, сондай-ақ осы бағдарламаны іске асыру үшін ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Тәжин - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Марат Мұханбетқазыұлы министрі, жетекші
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Фархад Шаймұратұлы министрлігінің жауапты хатшысы,
жетекшінің орынбасары
Аршабеков - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Нұрғали Рахымғалиұлы министрлігінің Стратегиялық даму
департаменті директорының орынбасары,
хатшы
Нұриманов - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Мақсұт Әнуарбекұлы комитеті төрағасының орынбасары
Жоламанов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Нұрлан Айтманұлы министрінің орынбасары
Бектұров - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы коммуникация вице-министрі
Біртанов - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Елжан Амантайұлы сақтау вице-министрі
Қасымов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет вице-министрі
Нұрмұханбетұлы
Мамытбеков - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Еділ Құламқадырұлы сауда вице-министрі
Оразаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Марат Әбілахатұлы шаруашылығы вице-министрі
Шолпанқұлов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы вице-министрі
Әзімова - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Эльвира Әбілқасымқызы Халықаралық құқық және мемлекеттің
мүліктік құқықтарын қорғау
департаментінің директоры
Құрманғалиева - Қазақстан Республикасы Экономика және
Аида Дәденқызы бюджеттік жоспарлау министрлігі
Әлеуметтік саланы дамыту департаментінің
директоры
2. Жұмыс тобы 2009 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде Ауғанстан Ислам Республикасына арналған Қазақстан Республикасының білім бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі М.М. Тәжинге жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов