1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіптік палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі:
1) орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілер қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 17 қыркүйектегі
N 136-ө өкімімен
бекітілген
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
сауда-өнеркәсіптік палаталары қызметінің мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан
Республикасының 2009 жылғы 11 шілдедегі Заңын іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Акт нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындалу мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИСМ, Қаржымині |
2009 жылғы қыркүйек |
2. |
Ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органды анықтау туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИСМ |
2009 жылғы қыркүйек |
3. |
Сәйкестікті растау, тауардың шыққан елін анықтау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесін бекіту туралы |
ИСМ бұйрығы |
ИСМ |
2009 жылғы қыркүйек |
4. |
Тауар шығарылған елді анықтау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы |
ИСМ бұйрығы |
ИСМ |
2009 жылғы қыркүйек |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі