2009 жылғы 15 - 16 қазан кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (бұдан әрі - ҰҚШҰ) ұжымдық жедел ден қою күштерімен "Өзара іс-қимыл - 2009" бірлескен кешенді оқу-жаттығуын (бұдан әрі - оқу-жаттығу) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі шетелдік делегациялармен протоколдық бірге жүруді және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен, Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп делегацияларды Алматы қаласының қонақ үйлерінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі:
Гвардейский кенті мен "Мәтібұлақ" полигонын оқу-жаттығуды өткізуге дайындау жөніндегі тиісті іс-шараларды жүргізсін;
делегацияларды тікұшақтармен (қажетті саны), сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін Алматы қаласы - "Мәтібұлақ" полигоны - Алматы қаласы бағыты бойынша жол жүру үшін автобустармен (40-45 орынды 7 бірлік) қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен шығыстарды төлесін;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, осы тармақтың үшінші абзацында көзделген шығыстарды төлеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын енгізсін;
2009 жылға арналған республикалық бюджетте 013 "Сыртқы саяси мүдделерді қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 2009 жылғы 16 қазанда Жамбыл облысында мемлекеттер басшылары, ресми делегациялардың мүшелері, бірге жүретін адамдар, күзет және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін жұмыс бабындағы таңғы аспен қамтамасыз етсін және ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне (1+3 форматы бойынша), сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысына қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, шығыстарды 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Халықтың республикалық деңгейде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, мемлекеттер басшыларының арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Алматы қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
делегациялар үшін тікұшақтар дайындау (қажетті саны), мемлекеттер басшылары мен делегациялар үшін Алматы қаласы - "Отар" станциясы - Алматы қаласы бағыты бойынша арнайы поезды жасақтауды;
Алматы қаласының әуежайында арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді, олардың тұрағын және оларға жанармай құюды қамтамасыз етсін.
5. Алматы қаласының әкімдігі:
2009 жылы 15 қазанда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ресми делегацияларына, бірге жүретін адамдарға және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған кешкі асты;
қажетті техникалық қолдау көрсетуді (микрофондар, спич-мінбер, үстелдер, креслолар, дыбыстық күшейту, залдарды безендіру, оның ішінде гүлмен безендіру, қонақ үйлер мен әуежайда тулар және т.б.);
Алматы қаласының әуежайы мен "Алматы-1" және "Алматы-2" темір жол вокзалдарының техникалық дайындығын қамтамасыз етсін және ұйымдастырсын.
6. Жамбыл облысының әкімдігі:
2009 жылғы 15 - 16 қазанда бірге жүретін адамдар, күзет және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тамақтандыруды;
қажетті техникалық қолдау көрсетуді (микрофондар, спич-мінбер, үстелдер, креслолар, дыбыстық күшейту, залдарды безендіру, оның ішінде гүлмен безендіру, қонақ үйлер мен әуежайда тулар және т.б.);
делегацияларға көліктік қызмет көрсетуді (4 шағын автобус);
"Отар" темір жол станциясының және станциядан "Мәтібұлақ" полигонына дейінгі автомобиль жолының техникалық дайындығын қамтамасыз етсін және ұйымдастырсын.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі іс-шаралар өтетін жерлерде қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
8. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі оку-жаттығуларды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының құрметіне өткізілетін ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
9. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келісім бойынша) мемлекеттер басшыларын Алматы қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу рәсіміне қатыссын.
10. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 13 қазандағы
N 145-ө өкіміне
қосымша
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары мен бірге жүретін адамдарды қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары
1. Ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерін (1+3 форматы бойынша), сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысын және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін Алматы қаласының қонақ үйлерінде орналастыру.
2. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің делегацияларын және ҰҚШҰ Бас хатшысын Алматы қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.
3. ҰҚШҰ-дың құрметіне мүше мемлекеттер басшылары мен бірге жүретін адамдар Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан 2009 жылғы 15 қазанда бейресми кешкі ас және 2009 жылғы 16 қазанда бейресми түскі ас беруді ұйымдастыру.
4. Баспа өнімдерін дайындау.
5. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер делегацияларының басшылары мен мүшелеріне сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
6. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру.
7. Мемлекет басшыларының Алматы қаласы - "Мәтібұлақ" полигоны - Алматы қаласы бағыты бойынша тікұшақтармен ұшып баруын қамтамасыз ету және ұйымдастыру.
8. Алматы қаласы - "Отар" станциясы - Алматы қаласы бағыты бойынша мемлекеттер басшылары мен делегациялар үшін арнайы поезды қамтамасыз ету және ұйымдастыру.
9. Мемлекеттер басшылары мен ресми делегациялардың мүшелеріне (1+3 форматы бойынша) көліктік қызмет көрсету.
10. 2009 жылғы 8 - 17 қазан кезеңінде Алматы қаласында және Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің қызметкерлеріне көліктік қызмет көрсету.
11. Ресми делегациялардың мүшелері мен бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.