Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары бойынша келіссөздердің 1999 жылғы Вена құжатына сәйкес авиабазаны көрсетуді және әскери объектіге баруды дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 155-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (бұдан әрі - ЕҚЫҰ) әскери-саяси ынтымақтастығын нығайту шеңберінде Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары бойынша келіссөздердің 1999 жылғы Вена құжатына сәйкес 2009 жылғы 25 - 30 қазан кезеңіне Алматы және Талдықорған қалаларында авиабазаны көрсетуді және әскери объектіге баруды өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:
      1) авиабазаны көрсетуге және әскери объектіге баруға қатысушыларға шақыру жіберсін;
      2) іс-шараларға қатысушыларды визалық қолдауды және Алматы, Талдықорған қалаларында тұруы мен тамақтануына арналған шығыстарды 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкілеттік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп:
      1) осы өкімнің қосымшасына сәйкес ұйымдастыру шараларының орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) іс-шараны өткізуге арналған шығыстарды 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 013 "Сыртқы саяси мүдделерді қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының әуежайында, тұратын және баратын орындарда іс-шараға қатысушылардың қауіпсіздігін, жүру бағыттары бойынша бірге жүруді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, әскери-көлік ұшақтарының Алматы қаласынан Талдықорған қаласына және кері ұшуы мен қонуын қамтамасыз етсін.
      5. Алматы облысының әкімдігі іс-шараларға қатысушыларды Талдықорған қаласында қарсы алу мен шығарып салу бойынша ұйымдастыру шараларының орындалуын, көлік қызметін көрсетуді, ресми кешкі ас және мәдени бағдарламаны ұйымдастыруды 2009 жылға арналған жергілікті бюджетте 001 "Облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қамтамасыз етсін.
      6. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2009 жылғы 30 қазандағы
N 155-ө өкіміне   
қосымша       

Авиабазаны көрсетуге және әскери объектіге баруға қатысушыларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Дипломатиялық арналар арқылы ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерге, ЕҚЫҰ және Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымының штаб-пәтерлеріне, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығына, Азияда қимыл мен сенім шаралары жөніндегі кеңестің хатшылығына, ЕҚЫҰ-ның Ынтымақтастық жөніндегі Жерорта теңізі серіктестеріне, ЕҚЫҰ-ның ынтымақтастық жөніндегі серіктестеріне және өңірлік Верификациялық орталыққа (RACVIAC) шақырулар жіберу.
      2. Іс-шараға қатысушыларды Алматы және Талдықорған қалаларында орналастыру, тамақтандыру, кофе-брейктер және көлік қызметін көрсету.
      3. Іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің әскери-көлік ұшақтарымен жеткізу.
      4. Объектілерге баруды авиациялық техниканың көрнекі ұшуларымен, оқу-жаттығу мақсатындағы бомба тастаумен және парашютпен секірумен ұйымдастыру.
      5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Алматы облысының әкімдігі және баратын объектілер атынан ресми кешкі астар ұйымдастыру.
      6. Брифингтер өткізу үшін үй-жайлар мен ілеспе аударма жабдығын жалға алу.
      7. Баспа өнімдерін (бейдждер, анықтамалық буклеттер, имидждік бейнефильмдер, куверттік карталар, фотосуреттер) дайындау.
      8. Кеңсе тауарларын, DVD-дискілерді, ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің жалаушаларын және іс-шараға қатысушылар үшін естелік кәдесыйлар сатып алу.
      9. Іс-шараға қатысушыларға және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады