Беларусь Республикасының Премьер-Министрі С.С. Сидорскийдің Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 9 қарашадағы № 159-ө Өкімі

      2009 жылғы 8 - 10 қараша кезеңінде Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Сергей Сергеевич Сидорскийдің Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Астана мен Ақтөбе қалаларында сапарды дайындау және өткізу жөніндегі хаттамалық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес Беларусь Республикасы делегациясының мүшелеріне «1+5» форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын, 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету» және 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Беларусь Республикасының делегациясы мүшелерінің Астана мен Ақтөбе қалаларының әуежайларында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Беларусь Республикасы Премьер-Министрі С.С. Сидорскийдің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана мен Ақтөбе қалаларының әуежайларына қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Астана мен Ақтөбе қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.
      6. Астана мен Ақтөбе қалаларының әкімдіктері Беларусь Республикасының делегациясын Астана мен Ақтөбе қалаларының әуежайларында қарсы алу мен шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайлар мен көшелерді безендіруді, болатын орындарында бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана мен Ақтөбе қалаларының әуежайларында Беларусь Республикасының Премьер-Министрі С.С. Сидорскийді қарсы алу мен шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2009 жылғы 9 қарашадағы
№ 159-ө өкіміне  
қосымша       

Беларусь Республикасы делегациясының мүшелерін қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Беларусь Республикасы делегациясының мүшелерін «1+5» форматы бойынша және Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана мен Ақтөбе қалаларындағы қонақ үйлерге орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Беларусь Республикасының делегациясын Астана мен Ақтөбе қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.
      4. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің атынан Беларусь Республикасының Премьер-Министрі С.С. Сидорскийдің құрметіне қабылдау (таңғы және кешкі ас) ұйымдастыру.
      5. Беларусь Республикасы делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру.
      7. Беларусь Республикасы делегациясының мүшелері мен бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      8. Беларусь Республикасы делегациясының мүшелері мен бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады