Словения Республикасының Президенті Данило Тюрктің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2009 жылғы 11 - 12 қарашада Астана қаласында Словения Республикасы Президенті Данило Тюрктің Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
1) қосымшаға сәйкес Словения Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне "1+1+10" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде
ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2) сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Словения Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Словения Республикасының Президенті арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми түскі ас кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
6. Астана қаласының әкімдігі Словения Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарға бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаны ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында Словения Республикасының Президентін қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 9 қарашадағы
N 160-ө өкіміне
қосымша
Словения Республикасы ресми делегациясының мүшелерін қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары
1. Словения Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (1+1+10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақ үйге орналастыру.
2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
3. Словения Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру.
4. Словения Республикасының Президенті Д. Тюрктің құрметіне Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың атынан қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі астар) ұйымдастыру.
5. Словения Республикасының ресми делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
6. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру.
7. Словения Республикасының ресми делегацияның мүшелерімен бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
8. Словения Республикасының ресми делегацияның мүшелерімен бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.