Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 16 қаңтардағы № 5-ө Өкімі

      Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2010 жылғы 16 - 18 қаңтар кезеңінде Астана және Алматы қалаларында Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+10» форматы бойынша делегация мүшелеріне қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын, 2010 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету» және 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткізу шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің және ресми делегация мүшелерінің Астана және Алматы қалаларының әуежайларында, тұратын және болатын орындарында қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Мәскеу  және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана және Алматы қалаларының әуежайларына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
      6. Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласының әкімі А.С. Есімовтің атынан Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің құрметіне жұмыс бабындағы таңғы асты қамтамасыз етсін.
      Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллді және ресми делегацияны Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды, тұратын орындарды безендіруді, баратын жерлерге бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллді және ресми делегация мүшелері құжаттарын дербес паспорттық бақылаусыз тексеруді қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (келісім бойынша) Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің және ресми делегация мүшелерінің Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жеңілдетілген тәртіппен өтуін қамтамасыз етсін.
      9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 16 қаңтардағы
№ 5-ө өкіміне қосымша

Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл мен ресми делегацияның мүшелерін қамтамасыз ету және қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллді, ресми делегациясының мүшелерін («1+10» форматы бойынша) және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана және Алматы қалаларындағы қонақ үйлерге орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Ресми делегацияны қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана және Алматы қалаларының әуежайларында шай дастарханын ұйымдастыру.
      4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан Алматы қаласында Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің құрметіне жұмыс бабындағы таңғы ас ұйымдастыру.
      5. Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл мен делегация мүшелеріне сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру.
      7. Ресми делегация мүшелері мен бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      8. Ресми делегация мүшелері мен бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады