«Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 19 қаңтардағы № 7-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 19 қаңтардағы
№ 7-ө өкімімен   
бекітілген     

«Босқындар туралы» Қазақстан Республикасы 2009 жылғы
4 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1 2 3 4 5

1.

Босқын мәртебесін беру, ұзарту, айыру және тоқтату ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині, ІІМ, СІМ

2010 жылғы қаңтар

2.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині, ІІМ, Әділетмині

2010 жылғы қаңтар

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині, ІІМ, СІМ

2010 жылғы қаңтар

4.

Босқын мәртебесін беру туралы қолдаухатты тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы

Бұйрық

Еңбекмині, ІІМ, СІМ, ҰҚК (келісім бойынша)

2010 жылғы қаңтар

5.

Босқын куәлігінің, жол жүру құжатының, пана іздеген адам куәлігінің, пана іздеген адамды және босқынды тіркеу үшін ішкі істер органдарына жолдаманың үлгілерін бекіту туралы

Бұйрық

Еңбекмині

2010 жылғы қаңтар

6.

Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы

Бұйрық

Еңбекмині

2010 жылғы қаңтар

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады