Астана қаласында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының саммитін дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 151-ө Өкімі

      2010 жылғы 1 - 2 желтоқсанда Астана қаласында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының жоғары деңгейдегі саммитін (бұдан әрі - саммит) дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі саммитті дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастырушылық іс-шараларды қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      1) осы өкімнің 1-қосымшасына сәйкес ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне мынадай:
      осы өкімнің 2-қосымшасына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық одақ, Еуропалық комиссия, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымын (бұдан әрі - ЕҚЫҰ) қатысушы 54 ел - «1+10»;
      Сан-Марино Республикасы - «2+10»;
      осы өкімнің 3-қосымшасына сәйкес ЕҚЫҰ-ға әріптес 12 ел - «1+5»;
      осы екімнің 4-қосымшасына сәйкес ЕҚЫҰ Хатшылығы, ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясы, ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылық істері мәселелері жөніндегі Жоғарғы комиссарының офисі, ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы, ЕҚЫҰ-ның Бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығы мәселелері жөніндегі өкілінің офисі, 69 халықаралық ұйым - «1+3» форматтары бойынша қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастырушылық шараларды қабылдасын;
      2) 2010 жылғы 29 қараша - 3 желтоқсан кезеңінде:
      осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерін «1+3» форматы бойынша;
      Сан-Марино Республикасы ресми делегациясының басшылары мен мүшелерін «2+3» форматы бойынша;
      осы тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерін «1+1» форматы бойынша;
      осы тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерін «1» форматы бойынша;
      Қазақстан Республикасының Күзет қызметінің қызметкерлерін қонақ үйлерде, тұрғын үй кешендерінде және резиденцияларда орналастыруды қамтамасыз етсін;
      3) делегациялардың басшылары жұбайларымен келген жағдайда, осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген форматтарды делегациялар басшыларының жұбайларын оларға қосуды есепке ала отырып, түзетсін;
      4) саммитті өткізуге арналған шығыстарды 2010 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету» және 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі саммитке қатысушылардың Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақтарды күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, осы өкімнің 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген делегациялар басшыларының арнайы ұшақтарының ұшып өтуін, Астана, Алматы, Қарағанды қалаларының әуежайларына қонуын және олардан ұшып шығуын;
      2) арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді, тұрағын және оларға жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан өнер шеберлерінің концертін ұйымдастырсын.
      6. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі саммиттің бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуі жөніндегі жұмысты үйлестіруді қамтамасыз етсін.
      7. Астана қаласының әкімдігі саммитке қатысушыларды Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шараларының орындалуын, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      8. Алматы қаласының және Қарағанды облысының әкімдіктері Алматы және Қарағанды қалаларының әуежайларында шай үстелдерін және гүлмен безендіруді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      9. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) осы өкімнің 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген делегациялар басшыларын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
      10. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 151-ө өкіміне   
1-қосымша      

Астана қаласында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының саммиті уақытында ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне қызмет корсету жөніндегі ұйымдастырушылық шаралар

      1. Астана қаласының әуежайында шай үстелдерін және гүлмен безендіруді ұйымдастыру.
      2. Ресми делегациялардың басшылары мен мүшелері үшін тамақтандыруды (кофе-брейктер, шампан бокалы, фуршеттер, аперитивтер), Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми және формалды емес қабылдауларды (таңғы астар, түскі астар, кешкі астар), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан формалды емес қабылдауларда техникалық үстелдер ұйымдастыру.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің атынан өткізілетін іс-шараларға баспа өнімін жасау.
      4. Ресми делегациялардың басшылары үшін сыйлықтар және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми және формалды емес іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру, техникалық қамтамасыз ету және ішкі безендіру.
      6. Ресми делегациялардың басшыларына және мүшелеріне көліктік қызмет көрсету.
      7. Ресми делегациялардың басшыларына және мүшелеріне медициналық қызмет көрсету.
      8. Қазақстан Республикасы Президентінің атынан өткізілетін іс-шараларды өткізу орындарында қажетті бұйымдарды, құралдарды және жабдықтауды сатып алуды және/немесе жалға алуды ұйымдастыру.
      9. Осы қосымшаның 6-тармағына сәйкес пайдаланылатын көлік құралдарын және «Қараөткел» тұрғын үй кешенін шығыс материалдарымен (сусындар, майлықтар, бір рет пайдаланатын стақандар, аяқ киім үшін спонждар, тұрмыстық химия заттары және тұрмыста қолданылатын басқа да заттар), оның ішінде гүлмен безендірумен қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 151-ө өкіміне   
2-қосымша      

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдер

      1. Албания Республикасы
      2. Америка Құрама Штаттары
      3. Андорра Князьдігі
      4. Армения Республикасы
      5. Австрия Республикасы
      6. Әзірбайжан Республикасы
      7. Беларусь Республикасы
      8. Бельгия Корольдігі
      9. Болгария Республикасы
      10. Босния және Герцеговина
      11. Бұрынғы Югославия Республикасы Македония
      12. Ватикан
      13. Венгрия Республикасы
      14. Германия Федеративтік Республикасы
      15. Грекия Республикасы
      16. Грузия
      17. Дания Корольдігі
      18. Ирландия
      19. Исландия Республикасы
      20. Испания Корольдігі
      21. Италия Республикасы
      22. Канада
      23. Кипр Республикасы
      24. Қырғыз Республикасы
      25. Латвия Республикасы
      26. Литва Республикасы
      27. Лихтенштейн Князьдігі
      28. Люксембург Ұлы Герцогтігі
      29. Мальта Республикасы
      30. Монако Князьдігі
      31. Молдова Республикасы
      32. Нидерланды Корольдігі
      33. Норвегия Корольдігі
      34. Өзбекстан Республикасы
      35. Польша Республикасы
      36. Португалия Республикасы
      37. Ресей Федерациясы
      38. Румыния
      39. Сербия Республикасы
      40. Словакия Республикасы
      41. Словения Республикасы
      42. Тәжікстан Республикасы
      43. Түрік Республикасы
      44. Түрікменстан
      45. Украина
      46. Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі
      47. Финляндия Республикасы
      48. Франция Республикасы
      49. Хорватия Республикасы
      50. Черногория
      51. Чехия Республикасы
      52. Швейцария Конфедерациясы
      53. Швеция Корольдігі
      54. Эстония Республикасы

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 151-ө өкіміне   
3-қосымша      

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының серіктес елдері

      Ынтымақтастық жөніндегі Жерорта теңізіндегі серіктестер:
      1. Алжир Халық Демократиялық Республикасы
      2. Египет Араб Республикасы
      3. Израиль Мемлекеті
      4. Иордания Хашимит Корольдігі
      5. Марокко Корольдігі
      6. Тунис Республикасы Ынтымақтастық жөніндегі Азиядағы серіктестер
      7. Австралия
      8. Ауғанстан Ислам Республикасы
      9. Жапония
      10. Корея Республикасы
      11. Монғолия
      12. Тайланд Корольдігі

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 151-ө өкіміне   
4-қосымша      

Астана қаласында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысатын халықаралық ұйымдар

      1. Адриатикалық-Ионикалық бастама
      2. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес
      3. Азия Даму Банкі
      4. Азия және Тынық мұхиты үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының экономикалық және әлеуметтік комиссиясы
      5. Аз дамыған елдер, теңізге шығу мүмкіндігі жоқ дамушы елдер мен дамушы кіші арал мемлекеттері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғары өкілінің басқармасы
      6. Америка мемлекеттерінің ұйымы
      7. Араб мемлекеттерінің лигасы
      8. Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қор
      9. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік
      10. Африка Одағы
      11. Баренц теңізі және Еуро-арктикалық өңірі мемлекеттерінің кеңесі
      12. Балтық теңізі мемлекеттерінің кеңесі
      13. Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы
      14. Біріккен Ұлттар Ұйымының Әйелдердің мүдделерін дамыту қоры
      15. Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры
      16. Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы
      17. Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы
      18. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы
      19. Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткі және қылмыстылық жөніндегі басқармасы
      20. Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы
      21. Біріккен Ұлттар Ұйымының Өркениеттер альянсы
      22. Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы
      23. Бұрынғы Югославия бойынша Халықаралық қылмыстық трибунал
      24. Демократия және экономикалық даму ұйымы - ГУАМ
      25. Демократиялар қоғамдастығы
      26. Дүниежүзілік банк
      27. Дүниежүзілік кеден ұйымы
      28. Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орта Азиялық өңірлік ақпараттық-үйлестіруші орталық
      29. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық
      30. Еуропалық Инвестициялық банкі
      31. Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі
      32. Еуропа кеңесі
      33. Еуропол
      34. Жерорта теңіз одағы
      35. Ислам конференциясы ұйымы
      36. Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым
      37. Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымы
      38. Қаржылық іс-шаралар жөніндегі мақсатты топ
      39. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қарусыздану мәселелерін зерттеу жөніндегі институты
      40. Қоршаған орта бойынша демократия және экономикалық даму ұйымының бағдарламасы
      41. Қосылмау қозғалысы
      42. Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы (бұдан әрі - ОШАМҚ)
      43. Оңтүстік Шығыс Еуропадағы ынтымақтастық жөніндегі бастама
      44. Оңтүстік Шығыс Еуропадағы ынтымақтастық үдерісі
      45. ОШАМҚ өңірлік форумы
      46. Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының өңірлік орталығы
      47. Орталық Еуропа бастамасы
      48. Португалтілді елдердің достастығы
      49. Солтүстік Атлантикалық шарт ұйымы
      50. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
      51. Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясы
      52. Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі
      53. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы
      54. Ұлттар достастығы
      55. Франкотілді елдердің халықаралық ұйымы
      56. Халықаралық валюта қоры
      57. Халықаралық еңбек ұйымы
      58. Халықаралық Қызыл крест комитеті
      59. Халықаралық қылмыстық полипия ұйымы
      60. Халықаралық қылмыстық сот
      61. Халықаралық энергетика агенттігі
      62. Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым
      63. Шанхай ынтымақтастық ұйымы
      64. Экономикалық даму кеңесі
      65. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
      66. Экономикалық ынтымақтастық ұйымы
      67. Энергетикалық хартия хатшылығы
      68. Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының Дайындық комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады